Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 5 14—15 бет.
  • Қазақстан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қазақстан
  • Ояныңдар! 2017
Ояныңдар! 2017
g17 № 5 14—15 бет.
Астана, Қазақстан

Астана қаласы

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Қазақстан

Қазақстан картасы

ҒАСЫРЛАР бойы қазақ халқы көшіп-қонып жүрген. Әлі күнге дейін мал шаруашылығымен айналысатындар жыл мезгілдеріне қарай әртүрлі жайылымдарға көшіп отырады. Жазда олар суы мол, шөбі шүйгін таудың салқын жайлауларына қоныс тепсе, қыс мезгілі таяғанда таудан ыққа қарай төмен түседі.

Қазақстанда қалалар өркендеп, заман дамып келе жатса да, ата-бабасынан қалған әдет-ғұрыпты сақтап, дәстүрлі тағамы мен қолөнер бұйымдарын жасайтын қазақтар көп. Мәдени мұралары болса поэзиялық шығармалар мен сазды әндерге, ұлттық аспаптарда ойналатын күйлерге өте бай.

Киіз үй табиғатпен тамырлас қазақ халқы үшін көшіп-қонуға ыңғайлы баспана болған. Ол адамның табиғатпен үйлесе өмір сүретінінің символына айналды. Малшылардың көбісі әлі күнге дейін киіз үйде тұрғанды ұнатады. Ал қала тұрғындары оны тек ерекше мерейтойларда тігеді. Қазақстанды тамашалауға келген қонақтар да киіз үйде түней алады. Киіз үйдің іші қазақ әйелдерінің кесте тігуге, ою-өрнек басуға, кілем тоқуға шебер екенін аңғартады.

Киіз үйде отырған отбасы

Киіз үйдің іші

Қазақ халқы жылқы жануарын қашанда қазынаға балаған. Қазақ тілінде жылқының 20-дан аса атауы бар. Ал жылқының өң-түсіне нұсқайтын 30-дан аса сөз бен сөз тіркестері кездеседі. Қазір де сыйлы қонаққа ат мінгізу өте бағалы сый саналады. Ауылда туып-өскен балалардың көбісі жастайынан ат құлағында ойнайды.

Ұлттық тағамдар еттен дайындалады және оларға дәмдеуіштер онша қосыла бермейді. Ал сусындарына ауруға ем, сауға қуат болатын қымыз және дәмді шұбат жатады.

Ехоба куәгерлерінің филиалы Алматы қаласында орналасқан. Экскурсияға барамын деушілерге есік ашық.

Барыс

Қазақстанда мекендейтін барыс жазда тау шыңдарында жүреді

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Қазақстанда дала қызғалдағының кем дегенде 36 түрі өседі. Қызғалдақ тектес ою-өрнектер қазақ қолөнерінде көптеп кездеседі.

Қазақстандағы Балқаш көлінің шығыс бөлігі тұзды болса, батыс бөлігі тұщы болып келеді.

Жыртқыш құстарды қолға үйрететін құсбегілік кәсіп Қазақстанда жақсы дамыған. Бүркітті құс патшасы санайтын қазақ халқының оны қолға үйретуде тәжірибелері мол.

Ер адамның қолындағы бүркіттің басына томаға кигізілген

Басына томаға кигізілгенде, бүркіт адамдардан үркімейді

  • НЕГІЗГІ ТІЛДЕРІ: ҚАЗАҚ, ОРЫС

  • ХАЛҚЫ: 17 563 000

  • АСТАНАСЫ: АСТАНА

  • КЛИМАТЫ: ЖАЗЫ ЫСТЫҚ ӘРІ ҚҰРҒАҚ, ҚЫСЫ СУЫҚ ӘРІ ҚАРЛЫ

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу