Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 15.7. 12—13 бет.
  • “Азапты күндері” Ехобаға қызмет ету

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Азапты күндері” Ехобаға қызмет ету
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • СЕНІМІҢ ӘЛСІРЕМЕСІН
  • ҚЫЗМЕТТЕН ҚОЛ ҮЗБЕ
  • Ехоба қарт қызметшілерін қамқорлайды
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Олар қартайғанда да жемісті
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Азапты күндер келмей тұрып Ехобаға қызмет ет
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қарттарға қамқорлық көрсету — мәсіхшілердің борышы
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 15.7. 12—13 бет.

“Азапты күндері” Ехобаға қызмет ету

“БАРҒАН САЙЫН денсаулығым нашарлап барады”,— деп күрсінді 70-тен асқан Эрнстa. Мұндай жағдай саған да таныс па? Қартайғандықтан денсаулығың нашарлап, қажыр-қайратың тая бастаса, Уағыздаушы кітабының 12-тарауындағы сөздер маған қатысты айтылған дерсің. Сол тараудың бірінші тармағында кәрілік “азапты күндер” деп аталған. Алайда тіпті солай болған күнде де, азапты өмір кешу — шарт емес. Ехобаға қуана қызмет етіп, мағыналы өмір кешуіңе болады.

СЕНІМІҢ ӘЛСІРЕМЕСІН

Қымбатты қарт бауырластар, сендер жалғыз емессіңдер. Ехобаның ежелдегі қарт қызметшілерінің де сендердікіндей қиындықтары болған. Мысалы, Ысқақ, Жақып, Ахияның көздері көрмей қалған (Мұс. 1-ж. 27:1; 48:10; Пат. 1-ж. 14:4). Дәуіт патшаның “денесі жылымайтын болған” (Пат. 1-ж. 1:1). Дәулетті Барзилай деген кісі ішіп-жеген асының дәмі мен әншілердің даусын айырудан қалған (Сам. 2-ж. 19:32—35). Ал Ыбырайым, Нағима қосақтарынан айырылған (Мұс. 1-ж. 23:1, 2; Рут 1:3, 12).

Оларға Ехобаға деген адалдықтарынан таймауға және қуаныштарынан айырылмауға не көмектесті екен? Құдайдың уәдесіне сенген егде жастағы Ыбырайым “сенімінен күш алған” (Рим. 4:19, 20). Біздің де сеніміміз берік болу керек. Сеніміміздің берік болуы жасымызға, қабілеттеріміз бен жағдайымызға байланысты емес. Бұл Жақыптың мысалынан жақсы көрінеді. Ол жанары тайып, әлсіреп, төсек тартып жатқанда да Құдайдың уәделеріне нық сенген (Мұс. 1-ж. 48:1—4, 10; Евр. 11:21). Бүгінде 93-ке келген Инес бұлшық еттерінің әлсіздігінен жапа шегіп жүргеніне қарамай, былай дейді: “Мен күнделікті Ехобаның батасын сезінемін. Жұмақ жайлы ойламаған күнім жоқ. Бұл маған үміт сыйлайды”. Неткен керемет рух!

Дұға еткенімізде, Құдай Сөзін зерттегенімізде және қауымға барғанымызда сеніміміз нығаяды. Қарт пайғамбар Даниял күн сайын үш рет дұға еткен, Құдай Сөзін де үзбей зерттейтін болған (Дан. 6:10; 9:2). Жесір қалған егде жастағы Анна болса ғибадатханадан шықпайтын (Лұқа 2:36, 37). Сенің де мүмкіндік болғанда, қауымға барып, қолыңнан келгенше, талқылауға атсалысқаның өзіңнің ғана емес, өзгелердің де жігерін тасытады. Бұған қоса, қолыңнан көп нәрсе келмесе де, Ехоба әрқашан дұғаларыңды ықыласпен тыңдайды (Нақ. с. 15:8).

Егде бауырлас телефонмен өзгені жігерлендіруде

Бір-біріңді жігерлендіріңдер

Аяулы қарт бауырластар, оқи алу үшін көздеріңнің жақсы көргенін, қауымға бару үшін күш-қуаттарыңның болғанын қалайтындарыңды білеміз. Бірақ бұлай ету барған сайын қиындап, тіпті мүмкін емес болып бара жатқан шығар. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Мүмкіндіктерің бар нәрсені істеңдер. Қауымға бара алмайтын бауырластардың көбісі бағдарламаны телефон арқылы тыңдайды. 79 жастағы Инга бауырластың көзі нашар көретіндіктен қауымға дайындалғанда, талқыланатын мәліметтің өте үлкен қаріппен шығарылған нұсқасын қолданады. Бұны оған қауымдағы бір бауырлас шығарып береді.

Көбімізге уақыт жетпей жатады, ал сенің бос уақытың көбірек шығар. Сондықтан сайтымыздағы әдебиеттеріміздің аудиожазбаларын тыңдауыңа болады. Сонымен қатар өзара жігерлену үшін, бауырластарға телефон шалып, рухани тақырыпқа әңгіме-дүкен құрарсың (Рим. 1:11, 12).

ҚЫЗМЕТТЕН ҚОЛ ҮЗБЕ

Қарт бауырлас саябақта уағыздап отыр

Уағыздан қол үзбеңдер

85-ке келіп қалған Криста: “Бұрынғыдай белсене қызмет ете алмағаның жаныңа батады”,— деп налыды. Мұндайда қуаныштан айырылмауға не көмектеседі? 75 жастағы Питер былай дейді: “Мен жаман ойларға берілмеуге тырысамын. Сондықтан қолымнан келмейтінді ойлай бермей, қолымнан келетінді қуана атқарамын”.

Сенің жағдайыңда уағыздаудың қандай жолдары бар екені туралы ойланып көрдің бе? Хейди бұрынғыдай үйме-үй жүріп уағыздай алмайды. Әйтсе де 80-нен асқанына қарамастан ол хат жазу үшін компьютерді қолдануды үйреніп алған. Ал кейбір қарттарымыз саябақтағы не аялдамадағы орындықтарда отырып, өткен-кеткендермен әңгімелеседі. Егер қарттар үйінде тұратын болсаң, сондағы қарттарды, күтушілер мен дәрігерлерді әңгімеге тартарсың.

Егде тартқан бауырлас қонақжайлылық танытуда

Қонақжай болыңдар

Дәуіт патша қартайған шағында шынайы ғибадаттың орнығуына барынша күш салған. Ол садақа берген, ғибадатхананың құрылысына көмек көрсетілуіне қам жасаған (Шеж. 1-ж. 28:11—29:5). Сен де дүниежүзі бойынша Патшалық ісінің ахуалынан хабардар болып, мүмкіндігінше өз үлесіңді қосуыңа болады. Мысалы, неге қауымыңдағы ізашарларды не басқа да жалынды жариялаушыларды жігерлендірмеске? Я болмаса азын-аулақ сыйлық жасауға яки бір кесе шайға шақыруға болады. Дұға айтқаныңда жастар мен отбасы бар бауырластарды, толық уақыт қызмет етіп жүргендер мен науқастанып жатқандарды, сондай-ақ жауапкершілік жүктелген бауырластарды қоссаң болады.

Қымбатты қарт бауырластар, Ехоба өздеріңді де, қызметтеріңді де әрқашан есінде ұстайды. Иә, сендер ешқашан көктегі Әкемізге керексіз болып қалмайсыңдар (Зәб. 71:9). Ол сендерді жақсы көреді әрі бағалайды. Жақында біз кәріліктен құтылып, қайтадан күш-жігер мен зор денсаулыққа ие боламыз. Сонда сүюші Құдайымыз Ехобаға мәңгі бақи қызмет етеміз!

a Кейбір есімдер өзгертілген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу