Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.5. 9-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Даниял арыстандары бар орда
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Бабыл тұтқындығынан Иерусалим қорғанын қалпына келтіруге дейін
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Даниял арыстандардың апанына тасталды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.5. 9-б.

СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

Киелі кітаптағы мәлімет археологияға сай ма?

Ассирия патшасы ІІ Саргонның тастағы бейнесі

Ишая 20:1-де аталып өткен Ассирия патшасы ІІ Саргон

“Киелі кітапқа археологиялық шолу жасау” атты басылымдағы бір мақалада Тауратта есімдері аталған кем дегенде 50 адамның шын мәнінде бар болғанын археологиялық қазбалармен растауға болатыны жайлы жазылған. Бұлардың арасында көпшілікке танымал Дәуіт пен Езекия, онша танымал емес Менахем мен Пекахты қоса алғанда, Яһуда мен Исраилдің 14 патшасы бар. Сондай-ақ бұл тізімде 5 перғауын, Ассирия, Вавилония, Моаб, Персия мен Сирияның 19 патшасы да бар. Киелі кітап және археологиялық жазбаларда тек патшалардың есімі ғана емес, бас діни қызметкерлердің, хатшылар мен өзге де лауазымды адамдардың есімдері кездеседі.

Аталмыш тұлғалардың шынымен бар болғанын толығымен растайтын “жеткілікті ғылыми дәлелдер” бар делінген әлгі мақалада. Сонымен қатар Інжілде де Ирод, Понти Пилат, Тиберий, Қаяпа және Серги Пауыл сияқты көптеген тарихи тұлғалардың есімдері кездеседі, бұлардың көбісінің шынымен өмір сүргені археологиялық қазбалармен расталған.

Арыстандар Киелі кітапта аты аталған елдерден қашан ғайып болды?

Қабырғаға зертастармен салынған арыстан бейнесі

Ежелгі Бабыл қабырғасындағы зертастармен салынған бейне

Кезінде ежелгі Исраил елі орналасқан жерде қазір арыстандар кездеспейді. Бірақ Киелі жазбаларда бұл аң жайында 150 рет айтылғанына қарағанда, исраилдіктер онымен жақсы таныс болған. Киелі кітапта арыстандар көбінесе бейнелі мағынада қолданылған. Алайда олар жайлы тура мағынада айтылған жерлер де кездеседі. Мысалы, Самсон, Дәуіт және Бенаях арыстандарды өлтірген кісілер ретінде айтылған (Билер 14:5, 6; Самуилдің 1-жазбасы 17:34, 35; Самуилдің 2-жазбасы 23:20). Ал өзге біреулерінің арыстандарға жем болғандары жайлы жазылған (Патшалар 1-жазба 13:24; Патшалар 2-жазба 17:25).

Ежелде Азиялық арыстан (Panthera leo persica) Кіші Азия, Грекия, Палестина, Сирия, Месопотамия және Үндістанның солтүстік-батысында мекен еткен. Жұрт бұл аңнан қорыққандықтан әрі құрметтегендіктен, оның бейнесін Таяу Шығыстың қолөнерінен көптеп кездестіруге болады. Осындай танымал қолөнердің бірі — Бабылдың салтанатты шерулер өтетін дәлізі. Осы дәліздің екі қабырғасына арыстандардың бейнесі зертастармен салынған.

Б. з. ХІІ ғасырының соңына жақын Палестина жерінде крестшілердің арыстан аулағаны жайлы мәлімет бар. Арыстандар 1300 жылдардың соңына таман бұл аумақтан толығымен жойылып кеткенге ұқсайды. Алайда ХІХ ғасырға дейін Месопотамия мен Сирияда, ал ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Иран мен Ирак жерлерінде арыстандардың кездескені жайлы мәліметтер бар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу