Есіңде ме?
“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:
Некедегі сенімді қайта жандандыру үшін не істеуге болады?
Бір-біріңізбен шыншыл болыңыздар. Бірлесе әрекет етіңіздер. Ескі әдеттеріңізден арылыңыз. Қашан әрекет ету керектігін біліңіз (1.7. 10—13 беттер).
Бақытты өмірге қалай қол жеткізуге болады?
1) Шешімдеріңіздің нәтижесі жайлы ойланыңыз. 2) Өзгелердің жетегінде кетуден сақ болыңыз. 3) Шешімдеріңіздің ұзақ уақытқа әсер ететінін ескеріңіз. 4) Мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін күш салыңыз (1.7. 14, 15-беттер).
Табысыңыз азайса, қалай күн көруге болады?
Шығындарды есептеп алыңыз. Өмір салтын өзгертіңіз. Кез келген жұмысты істеуге дайын болыңыз. Барға қанағат етіңіз (1.7. 28, 29-беттер).
Тілімізге ие болмай, қауымда өрт шығарудан қалай аулақ бола аламыз?
Бізге өз жүрегімізді тексеру қажет. Бауырласты сынап-мінегенше, ол туралы жаман ойлауымыздың себебін неге анықтап көрмеске? Өзімізді ол адамнан жоғары екенімізді көрсету үшін осылай етеміз бе? Оның үстіне, өзгелерді сынап-мінеу қиын жағдайды одан бетер ушықтырып жіберуі мүмкін (15.8. 21-бет).
“Ехобаның күнінің” тура қарсаңында не болмақ?
“Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!” деп жар салынады. Халықтар Ұлы Бабылға шабуыл жасап, оны жоятын болады. Құдай халқына шабуыл жасалады. Армагеддон соғысы болады, содан кейін Шайтан мен оның жын-перілері түпсіз тұңғиыққа тасталады (15.9. 4-бет).
Дүниенің соңы қашан келетінін білмегеніміздің қандай пайдасы бар?
Сол күн мен сағатты нақты білмегеніміз жүрегімізде шынымен не бар екенін көрсетуге көмектеседі. Құдайдың жүрегін қуантуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жанқиярлықпен өмір сүруге талпындырады, әрі Құдайға және оның Сөзіне толықтай арқа сүйеуге көмектеседі. Оның үстіне, қазір болып жатқан қиындықтар бізді жақсарта түседі (15.9. 24, 25-беттер).
Тозақ отына сенетін адаммен пікір алысқанда, біз Жаратылыс 3:19-тармақты қалай қолдана аламыз?
Тармақта Адам атаның тозақ отына баратыны емес, қайтадан топыраққа айналатыны жазылған (1.10. 28, 29-беттер).
Аян 1:16, 20-тармақтардағы Исаның оң қолындағы “жеті жұлдыз” кімдерді бейнелейді?
Бұл “жұлдыздар” майланған бақылаушыларды, сондай-ақ барлық қауым ақсақалдарын білдіреді (15.10. 14-бет).
Иса Ишая 50:4, 5-те жазылған кішіпейілділікті қалай танытты?
Бұл тармақтарда оның Жаратушы Тәңір Иеден тәлім алып, “қасарысып, кері бұрылмағандығы” жазылған. Иса Әкесінің тәліміне мұқият ден қоюымен кішіпейілділік танытты. Ол Ехобадан үйренуге дайын әрі ынтық болған. Иса Құдайдың күнәкар адамзатқа мейірім көрсеткенінен оның кішіпейілділігін анық көре алған (15.11. 11-бет).