Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.12. 19—23 бет.
  • “Уақытша тұрғындар” ретінде өмір сүре берейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Уақытша тұрғындар” ретінде өмір сүре берейік
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “БҮКІЛ ЖАРАТЫЛЫС ЫҢЫРСУДА”
  • ШЫНАЙЫ МӘСІХШІЛЕРДЕН НЕ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ?
  • ҮЛГІЛІ ЖҮРІС-ТҰРЫС
  • ОРЫНДЫ БОЙСҰНҒЫШТЫҚ
  • СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТУ
  • Біз осы зұлым дүниеде уақытша тұрғындармыз
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында өнегелі өмір сүріңдер”
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Уақытша тұрғындар” шынайы ғибадат ету үшін біріккен
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Соңғы күндері мәсіхші ретіндегі бейтараптықты сақтаймыз
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.12. 19—23 бет.

“Уақытша тұрғындар” ретінде өмір сүре берейік

“Жатжерлік әрі уақытша тұрғындар ретінде өмір сүріп жүрген сендерді... тән құмарлығының жетегінде болмауға шақырамын” (ПЕТ. 1-Х. 2:11).

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢ?

  • Неге майланғандарды уақытша тұрғындар деуге болады?

  • “Басқа қойлар” қай мағынада уақытша тұрғындар болып табылады?

  • Болашақта қандай үмітіміздің ақталғанын қалаймыз?

1, 2. “Құдайдың таңдап алғандары” дегенде Петір кімдерге меңзеген және неге оларды “уақытша тұрғындар” деп атады?

ИСА көкке көтерілгеннен 30 жылдай уақыт өткен соң, елші Петір мәсіхшілерге хат жазған. Олар “Понт, Ғалатия, Кападокия, Азия мен Бүтіния аймақтарына шашырап кетіп, сонда уақытша тұрып жатқан Құдайдың таңдап алғандары” еді (Пет. 1-х. 1:1). Петір “Құдайдың таңдап алғандары” деуімен өзі сияқты киелі рухпен майланған және “жаңадан туылып”, Мәсіхпен көкте билік ету үмітіне ие болғандарға меңзеген (Петірдің 1-хаты 1:3, 4 оқы). Алайда неге ол таңдап алынғандарды “жатжерлік әрі уақытша тұрғындар” деп атады? (Пет. 1-х. 2:11). Бүгінде әрбір 650 белсенді Куәгерге рәміздерден дәм тататын бір ғана мәсіхшіден келетінін ескерсек, бұл сөздердің біздер үшін қандай мәні бар?

2 Бірінші ғасырдағы майланғандарға қатысты “уақытша тұрғындар” деген сөз тіркесін қолдану өте орынды болған. Олар жерде уақытша ғана өмір сүрген. Бүгіндегі майланғандардың тамтығы туралы да осылай деуге болады. Өзі де “кішкене отардың” мүшесі болып табылатын елші Пауыл мұны былай деп түсіндірген: “Ал біздің отанымыз көкте. Біз сол жердегі құтқарушы Иеміз Иса Мәсіхті асыға күтудеміз” (Лұқа 12:32; Філіп. 3:20). Көктің азаматтары ретінде олар көз жұмғаннан кейін, жердегі мекендерін тастап, “әлдеқайда артық” өмірге, яғни өлместікке ие болады (Філіпіліктерге 1:21—23 оқы). Сондықтан оларды тікелей мағынада Шайтан билеп жатқан жердің тек “уақытша тұрғындары” деп атауға болады.

3. “Басқа қойларға” қатысты қандай сұрақ туындайды?

3 Ал “басқа қойлар” жөнінде не деуге болады? (Жох. 10:16). Олардың Жазбаларға негізделген жерде мәңгі өмір сүру үміттері бар емес пе? Иә, олар жердің мәңгілік тұрғындары болмақ! Бірақ қазір олар қандай да бір мағынада жердің “уақытша тұрғындары” болып табылады. Қай мағынада?

“БҮКІЛ ЖАРАТЫЛЫС ЫҢЫРСУДА”

4. Әлем басшылары не нәрсені өзгертуге дәрменсіз?

4 Осы зұлым дүние жойылғанша, мәсіхшілерді қоса алғанда, бүкіл адамзат Шайтанның Ехобаға қарсы шығарған бүлігінің салдарынан азап шегеді. Римдіктерге 8:22-де былай деп оқимыз: “Қазірге дейін бүкіл жаратылыс ыңырсып, қатты қиналып жатқанын білеміз”. Тіпті ізгі ниетті әлем басшылары, ғалымдар мен гуманитарлық көмек көрсетушілер жағдайды өзгертуге дәрменсіз.

5. 1914 жылдан бері миллиондаған адам қандай шешім қабылдаған және неге?

5 1914 жылдан бері миллиондаған адам Құдай тағайындаған патша Иса Мәсіх басқаратын Патшалықтың азаматтары болуды шешті. Олар бұл дүниенің бөлігі болғысы келмейді әрі Шайтанның дүниесін қолдамайды. Қайта, олар өмірлері мен қолда барын Құдай Патшалығының мүддесіне жұмсауда (Рим. 14:7, 8).

6. Ехоба куәгерлерін қай мағынада жатжерліктер деуге болады?

6 Бүгінде 200-ден астам елде тұратын Ехоба куәгерлері заңға мойынсұнғыш азаматтар болып табылады. Алайда олардың барлығы жатжерліктер сияқты өмір кешеді. Олар дүниенің саяси және әлеуметтік мәселелерінде толық бейтараптық сақтайды. Қазірдің өзінде олар өздерін Құдай орнататын жаңа дүниенің азаматтары санайды. Олар жуырда жойылатын кемелсіз дүниенің уақытша тұрғындары екендіктеріне қуанады.

7. Құдайдың қызметшілері қалайша жердің тұрақты тұрғындары болады?

7 Жақын болашақта Мәсіх Шайтанның зұлым дүниесін жояды. Мәсіхтің кемелді үкіметі адамзатты күнә мен қайғы-қасіреттен азат етеді. Патшалық Ехобаның әділ билігіне қарсы шығарылған бүліктің көзге көрінетін және көзге көрінбейтін салдарын жояды. Құдайдың адал қызметшілері жер бетіндегі жұмақтың тұрақты тұрғындары болуға мүмкіндік алады (Аян 21:1—5 оқы). Сонда жаратылыс біржола “күнә мен өлімнің құлдығынан босап, Құдай балаларының салтанатты бостандығына жетеді” (Рим. 8:21).

ШЫНАЙЫ МӘСІХШІЛЕРДЕН НЕ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ?

8, 9. “Тән құмарлығының жетегінде болмауға” шақырғанда, Петір не нәрсеге меңзегенін түсіндір.

8 Петір мәсіхшілерден не талап етілетінін түсіндіріп, былай деген: “Жатжерлік әрі уақытша тұрғындар ретінде өмір сүріп жүрген қымбатты бауырластар, сендерді жандарыңмен айқасып жатқан тән құмарлығының жетегінде болмауға шақырамын” (Пет. 1-х. 2:11). Бұл кеңес бірінші кезекте майланған мәсіхшілерге арналғанымен, Исаның “басқа қойларына” да қатысты.

9 Кейбір қалаулар Жаратушымыз белгілеген жолмен қанағаттандырылса, онда тұрған ештеңе жоқ. Қайта, олар өмірден рақат алуымызға септігін тигізеді. Мысалы, дәмді тағамды сүйсініп жеу, көңіл сергітіп демалу, жан достармен бас қосу сияқты нәрселер орынды қалаулар болып есептеледі. Тіпті ерлі-зайыптылардың арасындағы ләззат сыйлайтын жыныстық қатынас туралы да осылай деуге болады (Қор. 1-х. 7:3—5). Алайда Петір “жандарымызбен айқасып жатқан” “тән құмарлықтарының” жетегінде болмауға шақырған болатын. Басқа Киелі кітап аудармасында “тән құмарлықтары” деген сөз тіркесі “арам құмарлықтар” (Кк) деп тәржімеленген. Ендеше Ехобаның еркіне қайшы келіп, Құдаймен қарым-қатынасымызға сызат түсіретін кез келген құмарлықты тізгіндеп отыру керек. Әйтпесе мәсіхшінің құтқарылуға деген үмітіне үлкен қауіп төнуі мүмкін.

10. Шайтан адамдарды осы дүниенің бір бөлігі ету үшін қандай тәсілдерді қолданады?

10 Шайтанның мақсаты: шынайы мәсіхшілердің осы дүниеде өздерін “уақытша тұрғын” деп есептеу шешімдерін әлсірету. Бұл үшін Шайтан бізді материализммен қызықтырады, азғындыққа еліктіреді, атақ-даңққа іздеуге талпындырады, сондай-ақ тек қара басымыздың қамын ойлауға және ұлтшылдыққа итермелейді. Осындай тән құмарлықтарынан барынша аулақ болуымызбен біз Шайтан дүниесінің бір бөлігі болғымыз келмейтінін көрсетеміз. Қайта, мұнда тек уақытша тұрғын екенімізді дәлелдегіміз келеді. Біздің шын қалауымыз Құдайдың жаңа дүниесінің тұрақты тұрғыны болу, әрі осыған жету үшін барынша тырысып жүрміз.

ҮЛГІЛІ ЖҮРІС-ТҰРЫС

11, 12. Адамдар шетелдіктерге кейде қалай қарайды және Ехоба куәгерлері туралы не деп жатады?

11 Елші Петір “уақытша тұрғындардан” не талап етілетінін әрі қарай түсіндіріп, 12-ші тармақта былай деп жазды: “Осы дүниедегі адамдар арасында жүріс-тұрыстарың бұдан былай да үлгілі болсын. Сонда сендерді жамандық жасаушылар деп жазғыратын олар игі істеріңді өз көздерімен көріп, Құдай тексеретін күні оны мадақтайтын болады”. Кейде қандай да бір елде тұрып шетелдіктерді жергілікті адамдар сынап-мінейді, тіпті жамандық жасаушылар деп қарастырады. Себебі олар айналасындағы адамдардан ерекшеленеді. Олардың тілдері, әрекеттері, киімдері не тіпті сырт көрінісі елден өзгеше. Алайда олар жақсылық жасауымен, яғни үлгілі жүріс-тұрыстарымен өздері жайлы айтылған жағымсыз сөздерді жоққа шығарады.

12 Сол сияқты шынайы мәсіхшілер сөйлеу мәнері, көңіл көтеру түрлерін таңдау сияқты мәселелерде айналасындағылардан ерекшеленеді. Киім киісі мен сырт көрінісі де жиі көпшіліктен өзгеше. Сол себепті кейде бұрыс мәлімет алған адамдар олар жайлы жағымсыз нәрселер айтады, былайша айтқанда жамандық жасаушылар дейді. Алайда басқалар оларды үлгілі өмір салттары үшін мақтап жатады.

13, 14. Қалайша даналық “істерімен дәлелденеді”? Мысал келтір.

13 Иә, жүріс-тұрысы үлгілі болса, адам негізсіз айыпты жоққа шығара алады. Тіпті Исаға — Құдайға толықтай адал болған бірден-бір адамға — жалған айып тағылған болатын. Кейбіреулер оны “мешкей әрі маскүнем, салықшылар мен күнәкарлардың досы”,— дейтін. Алайда Құдайға мінсіз қызмет еткені оның жамандық жасаушы емес екендігін дәлелдеген. “Даналық істерімен дәлелденеді”,— деді Иса (Мат. 11:19). Бүгінде де солай. Мәселен, Зельтерстегі (Германия) Бетелде қызмет ететін бауырластарды көршілерінің кейбірі біртүрлі деп санайды. Алайда аймақтың әкімі оларды жақтап, былай деді: “Сол жерде қызмет ететін Куәгерлердің өз өмір салттары бар, бірақ бұл өзге адамдарға еш кедергі жасамайды”.

14 Жақында Мәскеудегі Ехоба куәгерлері туралы да осы іспетті тұжырым жасалған болатын. Оларға бірнеше жалған айып тағылған еді. 2010 жылдың маусымында Страсбургтегі (Франция) Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот Мәскеу қаласы Ехоба куәгерлерінің діни ғибадат өткізу және жиналу құқығына қол сұққаны заңсыз болды деген шешім қабылдады. Ресей соттары Куәгерлер отбасыларды ойран етті, сенушілерді өз-өзіне қол жұмсауға не медициналық көмектен бас тартуға итермеледі деген айыптарға “салмақты да толыққанды” айғақтар келтірмеді. Еуропалық Сот жергілікті соттар Мәскеу заңының шектен тыс қатаңдығын пайдаланып, әділетсіз үкім шығарды деп тапты.

ОРЫНДЫ БОЙСҰНҒЫШТЫҚ

15. Дүниежүзі бойынша шынайы мәсіхшілер Киелі кітаптың қай талабын орындайды?

15 Мәскеудегі және бүкіл дүниежүзіндегі Ехоба куәгерлері мәсіхшілерге қойылатын тағы бір талапты орындайды. Петір былай деп жазған: “Адам баласы орнатқан билік атаулының бәріне Иеміз үшін мойынсұныңдар: жоғары билік иесі болғандықтан патшаға да,.. оның әкімдеріне де бағыныңдар!” (Пет. 1-х. 2:13, 14). Осы зұлым дүниенің бір бөлігі болмаса да, шынайы мәсіхшілер Пауылдың нұсқауына сай билігі барларға дайындықпен мойынсұнады (Римдіктерге 13:1, 5—7 оқы).

16, 17. а) Үкіметке қарсы емес екеніміз неден көрінеді? ә) Саяси басшылардың кейбірі нені мойындаған?

16 Ехоба куәгерлері өздерін осы дүниеде “уақытша тұрғындар” ретінде ұстағанда, олар қандай да бір әлеуметтік қарсылық қозғалысына қатыспайды. Олар өзгелердің саяси не әлеуметтік көзқарастарына да қарсылық көрсетпейді. Ехоба куәгерлері өзге діни ағымдар сияқты саясатқа араласпайды. Олар билік басындағыларға ықпал етуге еш тырыспайды. Куәгерлер қоғам тыныштығын бұзады не үкіметке қарсы шығады деуге еш негіз жоқ!

17 Петірдің “патшаны құрметтеңдер” деген кеңесіне сай, билігі барларға мойынсұнуларымен мәсіхшілер әрқайсысына тиесілі құрмет танытады (Пет. 1-х. 2:17). Кейде билік басындағылар Ехоба куәгерлерінің еш қауіп төндірмейтінін мойындап жатады. Мысалы, Бранденбург аумағының бұрынғы министрі, ал кейін Германия парламентінің мүшесі болған Штеффен Райхе былай деген: “Концлагерьлер мен түрмелерде отырғанда, Ехоба куәгерлері бүгінгі күні де демократиялық-конституциялық ел болып қала беруіміз үшін қажетті қасиеттерді танытты, атап айтқанда, СС-тың қысымына қарсы тұруда табандылық және бірге қамалған адамдарға деген жанашырлық танытты. Шетелдіктер мен өзге саяси және идеологиялық көзқарастағы адамдарға деген қатыгездік белең алып жатқан бүгінгі күні бұл қасиеттер біздің елдің азаматтарына аса қажет”.

СҮЙІСПЕНШІЛІК ТАНЫТУ

18. а) Неге бізге бауырластардың бәрін сүю тән? ә) Кейбір Куәгер емес адамдар нені байқаған?

18 Елші Петір: “Бауырластарыңның бәрін сүйіңдер, Құдайдан қорқыңдар”,— деп жазған (Пет. 1-х. 2:17). Ехоба куәгерлерін Құдай еркін орындауға талпындыратын тағы бір жайт — олардың Құдай алдындағы орынды қорқынышы. Олар дүниежүзіндегі бауырластықпен бірге Ехобаға қызмет етуге қуанышты. Сол себепті “бауырластарының бәрін сүю” оларға тән нәрсе. Бүгінгі таңда сирек кездесетін мұндай бауырмалдық Куәгер емес адамдарды таңғалдырып жатады. Мысалы, американдық саяхат агенттігінде гид болып жұмыс істейтін әйел 2009 жылы Германияда халықаралық конгреске келгендерге жергілікті Куәгерлердің көрсеткен сүйіспеншілігі мен көмегіне тәнті болған. Ол өзінің көп жылдық жұмыс тәжірибесінде мұндайды бірінші рет көрген еді. Кейін бір Куәгер былай деді: “Ол бізге қатысты лебізін таңғала әрі зор шабытпен білдірген болатын”. Өзің қатысқан конгрестерде Куәгерлерді сырттан бақылаған адамдардың осындай әсерде болғанын көргенсің бе?

19. Біз не істеуге бел бууымыз керек және неге?

19 Ехоба куәгерлері жоғарыда айтылған және тағы басқа көптеген жолдармен Шайтанның зұлым дүниесінде “уақытша тұрғындар” екендерін анық көрсетуде. Олар бұлай ете беруге бел буған. Куәгерлердің Құдайдың әділдік орнаған жаңа дүниесінде тұрақты тұрғыны болатындарына деген үміттері берік. Сен де осыны асыға күтіп жүрсің бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу