Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 60-мақала
  • Ішімдікке қатысты нені білуге тиіспін?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ішімдікке қатысты нені білуге тиіспін?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Арты неге әкелетінін ойла
  • Нық шешіп ал
  • Киелі кітапта ішімдік туралы не айтылған?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ішімдікке қатысты Құдайдың көзқарасын ескеріңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Алкогольді ішімдікке қатысты дұрыс көзқарас
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ішімдіктің шегін қалай білуге болады?
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
Жастардың сауалдары
ijwyp 60-мақала
Сейілге шыққан кезде жас балаға ішімдік ұсынып жатыр

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Ішімдікке қатысты нені білуге тиіспін?

Киелі кітапта аздап шарап ішуге тыйым салынбаған. Әрине, егер заңға қайшы болмаған жағдайда. Бірақ онда маскүнемдікке тыйым салынған (Зәбүр 104:15; Қорынттықтарға 1-хат 6:10).

Ал егер заң не ата-анаң тыйым салған кезде біреу сені ішімдік ішуге итермелесе, не қыласың?

  • Арты неге әкелетінін ойла

  • Нық шешіп ал

  • Құрдастарың не дейді?

Арты неге әкелетінін ойла

Кейбір достарың ішімдік болмаса, көңіл көтере алмайсың деп ойлайтын шығар. Бірақ ішудің арты неге әкеп соғуы мүмкін?

  • Түрмеде отырған адам

    Заңды бұзасың. Тұратын еліңе қарай, заңды бұзып, ішімдік ішсең, саған айыппұл салынуы, айып тағылуы, көлік жүргізу куәлігіңнен айырылуың, қоғамдық жұмыстарға жегілуің не тіпті түрмеге қамалуың мүмкін (Римдіктерге 13:3).

  • Мобильді құрылғы

    Атыңа кір келеді. Ішіп алғанда өз-өзіңді ұстай алмай қаласың. Айтпайтынды айтып, істемейтінді істеп, кейін бармақ тістеп жүруің мүмкін (Нақыл сөздер 23:31—33). Ақпарат құралдары қаптаған мына заманда абыройыңа кетпейтін күйе жағылуы ғажап емес.

  • Әйелге жәбір көрсетілмекші

    Өзіңді қорғай алмай қаласың. Ішімдіктің кесірінен біреудің оңай олжасына айналып, жыныстық не басқа да қорлық көруің мүмкін. Сондай-ақ біреулердің ықпалына тез беріліп, қауіпті не заңсыз әрекеттер жасап қоюың мүмкін.

  • Ішімдіктен қалған бос бөтелке

    Тәуелділік. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, адам неғұрлым жас кезінде іше бастаса, ол ішімдікке соғұрлым тәуелді болып қалады. Адам стрестен, жалғыздықтан не зеріккеннен құтылу үшін ішетін болса, бұл әдеттің шырмауынан шығу қиындай түседі.

  • Бассүйек пен айқасқан сүйектер

    Өлім. Жақында анықталған көрсеткішке сай, Құрама Штаттарда мас күйінде көлік айдаудың нәтижесінде жол апатынан әрбір 52 минутта бір өлім оқиғасы болып отырған. Бес жыл ішінде ішімдікпен байланысты орын алған жол апатында жыл сайын 21 жасқа дейінгі 1500-ден астам адам көз жұмған. Өзің ішпесең де, ішіп алған адамның көлігіне отырсаң, өміріңе қауіп төндіресің.

Нық шешіп ал

Не істейтініңді алдын ала шешіп алсаң, ішімдікті беталды ішудің қауіпті әрі ауыр зардабынан аман жүресің.

Киелі кітаптағы принцип: “Парасатты қатерді көріп, бас сауғалар” (Нақыл сөздер 22:3). Көлік жүргізер алдында не барынша мұқият болуды талап ететін басқа да істермен айналысар алдында ішімдік ішу ақылдылыққа жатпайды.

Шешім: “Ішімдік ішем деп шешсем, оны тек заңға қайшы болмағанда және орынды болған жағдайларда ғана ішемін”.

Киелі кітаптағы принцип: “Кімге құл сияқты мойынсұнсаңдар, соның құлы боласыңдар” (Римдіктерге 6:16). Құрдастарың ішті екен деп, сен де ішетін болсаң, басқалардың жетегінде кеткенің. Ал егер зеріккеннен не стрестен құтылу үшін ішсең, қиындықтарыңмен күресуді үйрене алмайсың.

Шешім: “Құрдастарымның мені мәжбүрлеп ішкізуіне жол бермеймін”.

Киелі кітаптағы принцип: “Шарап ішкіштердің арасында болма” (Нақыл сөздер 23:20). Жаман ортамен аралассаң, сені шешіміңнен тайдырып жіберуі мүмкін. Жөн-жосықсыз ішетіндермен жүрсең, басыңды қатерге тігесің.

Шешім: “Ішуге құмар адамдармен жақын араласпаймын”.

Құрдастарың не дейді?

Джордан

“Мектепте оқып жүргенде, балалар мені іш деп қинай беретін. “Жаман орта жақсы әдеттен айырады” деген Қорынттықтарға 1-хат 15:33-тегі сөздерді үнемі есіме салып тұруым керек болды” (Джордан).

Дженна

“Мені қыспаққа алатын кез келген адамнан не жағдайдан қашық жүруге тырысамын. Достарымның ішімдікке қатысты дұрыс көзқарасты ұстанатынына қуанамын” (Дженна).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу