Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • rk 4-тар., 10—11 бет.
  • Құдай деген кім?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай деген кім?
  • Шынайы сенім — бақыттың кілті
  • Ұқсас мәлімет
  • Періштелер — адамдарға қызмет көрсететін рухтар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайды көру мүмкін бе?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Құдай деген кім?
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Періштелер бізге қалай көмектеседі?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
Көбірек мәлімет
Шынайы сенім — бақыттың кілті
rk 4-тар., 10—11 бет.

4-ТАРАУ

Құдай деген кім?

АДАМДАР көп құдайларға табынып жатады. Бірақ Киелі жазбаларда тек жалғыз шынайы Құдай бар екені айтылған. Ол — дара, бәрінен жоғары әрі мәңгі жасайтын Құдай. Ол көктегі мен жердегінің бәрін жаратты, бізге өмір берді. Сондықтан тек ол ғана құлшылық етуімізге лайық.

Он өсиет жазылған екі тас тақташаны ұстап тұрған Мұса пайғамбар

Мұса пайғамбар арқылы берілген Заң “періштелер арқылы берілген сөз” деп аталады

Құдайды сипаттайтын атаулар көп болғанымен, оның бір ғана есімі бар. Бұл есім — ЕХОБА. Құдай Мұса пайғамбарға былай деген: “Мені сендерге ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың Құдайы Ехоба жіберді,— деп айт. Мәңгі бақи менің есімім осылай болмақ. Күллі келер ұрпақ мені осы есіміммен есте сақтасын” (Мұсаның 2-жазбасы 3:15). Киелі жазбаларда Ехоба деген есім шамамен 7000 рет кездеседі. Мысалы, Зәбүр 83:18-де Құдай жайында былай делінген: “Адамдар сенің есімің Ехоба екенін, Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін”.

Өлі теңізден табылған көне қолжазбада Құдай есімі кездесед

Өлі теңізден табылған көне қолжазбада Құдай есімі кездеседі

Құдайды ешкім көрген емес. Ол Мұсаға: “Сен менің бет-жүзімді көре алмайсың, өйткені оны көрген адам тірі қалмайды”,— деген (Мұсаның 2-жазбасы 33:20). Құдай көкте өмір сүреді әрі көзге көрінбейді. Құдайдың мүсінін, суретін не бейнесін жасау және оларға сиыну дұрыс емес. Ехоба Құдай Мұса пайғамбар арқылы былай деп бұйырған: “Аспандағы, жердегі не судағы еш нәрсенің қашалған мүсінін не бейнесін жасама. Оларға бас иіп табынба, құлшылық та етпе. Өйткені мен, Ехоба Құдайың, өзіме қалтқысыз берілуді талап ететін Құдаймын” (Мұсаның 2-жазбасы 20:2—5). Ал кейінірек Ишая пайғамбар арқылы: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім. Ұлылығымды ешкімге бермеймін, Даңқымды пұттармен бөліспеймін!”— деген (Ишая 42:8).

Кейбіреулер Құдайға сенгенімен, оны танып-білу немесе оған жақындау мүмкін емес деп ойлайды. Ал өзге біреулер оны жақсы көрудің орнына, қорқады. Сіз не ойлайсыз? Құдай жеке сізге көңіл қоя ма? Оны шынымен танып-біліп, тіпті оған жақындау сіз үшін мүмкін бе? Жазбаларда Құдайдың қасиеттері жайлы не айтылғанын көрейік.

Қалай жауап берер едіңіз?

  • Неге Құдайға құлшылық етуіміз керек?

  • Құдайдың есімі қандай?

  • Құдайға құлшылық еткенде, неге мүсіндер мен бейнелерді қолдануға болмайды?

  • Құдай өз еркін орындау үшін киелі рухын және періштелерін қалай қолданады?

Құдайдың киелі рухы және періштелері

Құдай өз ойын, немесе еркін, қалай іске асырады? Мұның бір жолы — ол киелі рухын қолданады. Киелі рух — тұлға не періште емес, ол Құдайдың көзге көрінбейтін әрекет етуші күші. Басқаша айтқанда, ол — Құдай ойындағысын іске асыру үшін қолданатын шексіз энергия. Құдай осы күшін көк пен жерді жаратқанда қолданған. Біз Жазбалардан былай деп оқимыз: “Ехобаның сөзімен көк жаратылды, Аузының лебімен ондағының бәрі пайда болды” (Зәбүр 33:6). Ал Мұсаның 1-жазбасы 1:2-де жер беті суға толы болып, Құдай оны адамдар мекендеу үшін дайындамақ болғанда, оның “рухы су бетінде әрекет етіп жүргені” айтылған. Содан кейін Құдай киелі рухын жер бетіндегі тіршілік атаулыны жарату үшін қолданған.

Ол өз еркін іске асыру үшін періштелерді де қолданады. Құдай оларды өзімен бірге көкте өмір сүру үшін жаратқан. Періштелер орасан зор күшке ие. Олар Құдайдың хабарын жеткізеді және басқа да маңызды тапсырмалар атқарады. Мысалы, Жазбаларда Мұса пайғамбар арқылы берілген Заң туралы “періштелер арқылы берілген сөз” деп айтылған. Періштелер Құдайдың жердегі қызметшілеріне де көмектеседі. Олар Жазбаларда “құтқарылуға ие болатындарға қызмет етуге жіберілген әрі қасиетті қызмет атқаратын рухтар” деп аталады (Еврейлерге 1:14; 2:2).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу