СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Аласапыран заманда да бақытты болуға болады. Киелі кітапта бұл жайлы не делінген?
Мына қиын заманда жағдайымызды өзгерту қолымыздан келе бермейді. Алайда бақытымыз жағдайымызға емес, көзқарасымызға байланысты. Киелі кітапта “көңілді жанның әр күні той-думан” болатыны айтылған, тіпті қиындықтары болса да (Нақыл сөздер 15:15). Ендеше бақытты болу үшін не істеуіміз керек? Бұл орайда Киелі кітаптағы кеңестер бізге қалай көмектесетінін білейік.
Уайыммен күресіңіз
Киелі кітапта: “Сарыуайым жүректі күйзелтеді, Жақсы сөз оны шаттыққа толтырады”,— делінген (Нақыл сөздер 12:25).
Киелі кітап сізге уайымға батып кетпеуге көмектеседі. “Киелі кітапта уайымдауға қатысты не айтылған?” деген мақаланы оқыңыз.
Жалғыздықпен күресіңіз
Киелі кітапта: “Нағыз дос әрқашан жақсы көрер, Ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер”,— делінген (Нақыл сөздер 17:17).
Киелі кітап бізді жалғыздықты жеңу үшін өзгелермен достасуға шақырады. “Жалғыздықты достықпен жеңіңіз. Киелі кітаптың көмегі” деген мақаланы оқыңыз.
Алла Тағаланы және өзгелерді сүйіңіз
Киелі кітапта: “Ехобаa Құдайыңды бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!.. Өзге адамды өзіңді сүйгендей сүй”,— делінген (Матай 22:37—39).
Дұға етсек, Құдай Тағалаға деген сүйіспеншілігіміз артады. “Дұға-тілектеріміз Алланың құлағына шалына ма?” деген мақаланы оқыңыз.
Өзгелерге сүйіспеншілік таныту үшін Иса пайғамбар айтқан алтын ережені ұстануымыз керек. “Алтын ереже деген не?” (ор.) деген мақаланы оқыңыз.
Киелі кітапта аласапыран заманда бақытты болуға көмектесетін тағы қандай кеңестер бар? Бұны білу үшін тегін интерактивті Киелі кітап курсын бастап көріңіз.
a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).