NASA Photo
СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Бүкіл жер жүзіне билік ететін сенімді үкімет бар ма? Киелі кітапта не делінген?
Бүгінде жер-жаһандағы үкіметтер дүрбелеңде. Тұрақты деген мемлекеттердің өзі саяси дау-жанжалдан, сайлауға қатысты наразылықтардан, көтерілістер мен жікке бөлінушіліктен көз ашпай келеді.
Киелі кітапта сенімді де тұрақты үкіметтің бар екені айтылған. Бұл үкімет жайлы естіген де боларсыз. Иса Мәсіх үлгілі дұғасында осы үкімет туралы айтып кеткен.
“Сондықтан мына іспетті дұға етіңдер: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі болсын! Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10).
Киелі кітапта сол Патшалық жайында не айтылған?
Құдай Патшалығы — сенімді де тұрақты үкімет
Бұл үкімет көктен билік жүргізеді.
Иса оны “Көк Патшалығы” деп атаған (Матай 4:17; 5:3, 10, 19, 20). Сол себепті де ол: “Менің Патшалығым осы дүниелік емес”,— деген (Жохан 18:36).
Бұл Патшалық жер бетіндегі үкіметтерді алмастырады.
Киелі кітапта: “Бұл патшалық... [жердегі] патшалықтардың бәрін қиратып, өзі мәңгі тұрады”,— делінген (Даниял 2:44).
Құдай Патшалығы және оның Патшасы Иса Мәсіх ешқашан жойылмайды.
Киелі кітапта: “Оның билігі — еш бітпейтін мәңгілік билік, патшалығы ешқашан жойылмайды”,— делінген (Даниял 7:13, 14).
Бұл Патшалық жер бетінде тыныштық пен қауіпсіздік орнатады.
Киелі кітапта “Әркім өз жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отырады, Ешкім де оларды қорқытпайды”,— делінген (Миха 4:4).
Патшалық жайлы көбірек біліңіз
Иса жерде болғанда, бар уақытын “Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздауға” арнаған (Матай 9:35). Сондай-ақ ол болашақ туралы былай деген:
“Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді” (Матай 24:14).
Бүгінде Патшалық жайлы ізгі хабар 240 ел мен аумақта жариялануда. Біз сізді осы үкімет жайлы, оның әкелер игіліктері жайлы көбірек білуге шақырамыз.
Келесі видеоны тамашалаңыз “Құдай Патшалығы деген не?”