panitan/stock.adobe.com
Иса пайғамбар кедейлікті жеңеді
Иса пайғамбар жерде болған кезінде адамдарға зор сүйіспеншілік танытты, әсіресе кедей-кепшіктер мен жаны қиналып жүргендерге (Матай 9:36). Ол тіпті адамдар үшін жанын қиды (Матай 20:28; Жохан 15:13). Жақында ол Құдай Патшалығының Патшасы ретінде келіп, кедейшіліктің тамырына балта шабады. Сөйтіп, адамдарды жақсы көретінін тағы да дәлелдейді.
Киелі жазбаларда Иса пайғамбардың алдағы уақытта не істейтіні жайлы былай деп жазылған:
“Патша елдегі бейшараларды қорғасын, Балаларын да аман сақтасын” (Зәбүр 72:4).
Иса пайғамбардың біз үшін істеген және алда істейтін жақсылықтары үшін алғысымызды қалай білдірсек болады? Иса жерде болғанда “Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды” уағыздаған (Лұқа 4:43). Сол жайлы көбірек білейік. “Құдай Патшалығы деген не?” атты мақаланы оқып көріңіз.