alfa27/stock.adobe.com
Иса пайғамбар қылмысты тоқтатады
Иса пайғамбар қылмыс пен әділетсіздіктен жапа шеккен адамдардың күйін жақсы түсінеді. Өйткені кезінде оған да жалған айып тағылған, оны заңсыз соққыға жыққан, әділетсіз соттаған және қинап өлтірген. Еш айыбы болмаса да, ол “көптеген адамдар үшін жанын төлем ретінде берді” (Матай 20:28; Жохан 15:13). Қазір ол Құдай Патшалығының Патшасы және жақын арада бүкіл жер бетіне әділдік орнатып, қылмысты түп-тамырымен жояды (Ишая 42:3).
Иса пайғамбар жағдайды өз қолына алғанда, өмір қандай болатынын Киелі кітап былай сипаттайды:
“Зұлымдар жоқ болады, Тұрған жерлеріне қарайсың, Бірақ оларды еш таппайсың. Ал момындар жерді мұра етеді, Керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).
Иса пайғамбардың біз үшін істеген және алда істейтін жақсылықтары үшін алғысымызды қалай білдірсек болады? Иса жерде болғанда “Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды” уағыздаған (Лұқа 4:43). Сол жайлы көбірек білейік. “Құдай Патшалығы деген не?” атты мақаланы оқып көріңіз.