Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp21 № 3 4—5 бет.
  • Келешегіміз не нәрсеге тәуелді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Келешегіміз не нәрсеге тәуелді?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КӨПШІЛІК НЕ НӘРСЕГЕ СЕНЕДІ?
  • СЕНІМДЕРІ АҚТАЛДЫ МА?
  • Барша жан аңсаған келешек
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Жақсы болсаң, болашағың жарқын бола ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Реинкарнация Киелі кітап ілімі ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Білім мен байлық кемел келешектің кепілі ме?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
wp21 № 3 4—5 бет.
Коллаж: 1. Балгер бір адамға картамен бал ашып жатыр. 2. Фэншуйға арналған компас пен үйдің сызбасы еденде жатыр. 3. Біреу ата-бабасының аруағына тамақ пен гүл бағыштап, хош иісті зат түтетіп жатыр.

Келешегіміз не нәрсеге тәуелді?

Көбісі адамның болашағы көрінбейтін күштердің билігінде деп сенеді. Сондықтан олар болашағымызды жақсартамыз деп небір істерге барып жатады.

КӨПШІЛІК НЕ НӘРСЕГЕ СЕНЕДІ?

АСТРОЛОГИЯ. Кейбіреулер адамның алдағы өмірі туылған кезде жұлдыздардың қалай орналасқанына байланысты деп ойлайды. Сондықтан олар жұлдызжорамалды оқып-тыңдайды. Жамандықтан қашып, жақсылыққа жету үшін, олар алдын ала болашағын біліп алғысы келеді.

КӨРІПКЕЛ. Біреулер “көріпкелге барсам, ол басыма түскен жағдайдың себебін, не істеуім керектігін айтып береді” деп ойлайды. Себебін біліп алсам, төнгелі тұрған пәледен қашып, қиындығымды шешіп, жетістікке жетемін дегенге сенеді.

АРУАҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ. Кейбіреулер аруақтар қорғап, жебеп жүру үшін оларды разы қылу керек деп сенеді. Вьетнамдық Ванa деген әйел: “Ата-бабаларымның аруағын разы қылып, құрметтесем, менің де, отбасымның да қазіргі, алдағы өмірі жақсы болады деп сендім”,— дейді.

РЕИНКАРНАЦИЯ. Көпшіліктің сенуінше, адам қайтыс болған соң қайта туылады және бұл үздіксіз қайталана береді. Қазіргі өміріндегі жақсылық болсын, жамандық болсын, сол өткен өмірінің нәтижесі деп сенеді.

Алайда бұның бәріне сенбейтіндер де баршылық. Сөйтсе де олар бақсы-балгерлерге барып бал аштырады, нумерологтар мен экстрасенстерге жүгінеді. Осылай олар болашағым жайлы әйтеуір бір нәрсе біліп алармын деп үміттенеді.

СЕНІМДЕРІ АҚТАЛДЫ МА?

Осының бәрі жақсы өмірге, қамсыз болашаққа кепілдік бере ала ма?

Вьетнамда тұратын Хао деген ер кісі жұлдызжорамалшыларға барды, фэншуйды да көрді, ата-бабасының аруағына да табынды. Енді соның бәрінің көмегі тиді ме? Ол былай дейді: “Ісім жүрмей, қарызға белшеден баттым, отбасымның берекесі қашты. Сол кездері өмірден қатты түңілдім”.

Тайвандық Цюмин деген ер кісі де астрологияға, реинкарнацияға, тағдырға, фэншуйға сенген, аруақтарды да риза қылған. Осының бәрін мұқият зерттей келе, ол мынадай тұжырымға келді: “Бұндай ілімдер мен салт-жоралар бір-біріне қайшы келіп, адамды шатастырады. Байқағаным, астрологтардың айтқан жорамалдары көбіне тура келмейді. Ал реинкарнация мүлдем ақылға сыймайды. Адамның өткен өмірі есінде болмаса, ол қайта туылғанда өзінің өмірін қалай жақсарта алады?”

“Бұндай ілімдер мен салт-жоралар бір-біріне қайшы келіп, адамды шатастырады” (ЦЮМИН, ТАЙВАНЬ).

Хао мен Цюмин сияқты басқа адамдар да біздің болашағымыз тағдырға, жұлдыздарға, марқұм болған ата-бабаларымызға я реинкарнацияға байланысты емес екенін түсінген. Сонда болашағымызға әсер етіп, оны ешқалай жақсарта алмаймыз ба?

ТАҢДАУ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

Әрине, біз кейде өмірімізге әсер ете алмауымыз мүмкін. Алайда көп жағдайларда біздің болашағымыз өз шешімдерімізге байланысты болып жатады. Мысалы, қазіргі COVID-19 жағдайын алайық. Қол жуу, бетперде тағу сияқты сақтық шаралары біздің өмірімізді сақтайды. Былай қарасаң, қарапайым әрекеттер. Бірақ соның арқасында біз аман қала аламыз. Иә, көп нәрсе біздің таңдауымызға байланысты.

Демек, жақсы нәтиже қаласаң, жақсы шешім қабылдау керек. Бұл жайында 2000 жыл бұрын бір данышпан былай деп кеткен: “Адам не ексе, соны орады”b.

Көбісі жақсы болашақтың кепілі жоғары білім мен байлық деп жатады. Бұл солай ма? Осыларға қол жеткізіп көрген адамдар өздері айтып берсін.

a Осы және келесі мақалаларда кейбір есімдер өзгертілген.

b Бұл сөздер Киелі жазбаларда Ғалаттықтарға 6:7-де жазылған. Шығыс елдерінде осыған ұқсас мынадай сөздер бар: “Қауын ексең, қауын өсіп шығады, бұршақ ексең, бұршақ өсіп шығады”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу