Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • mwb23 қаңтар 7-б.
  • Денсаулық мәселесіне қазірден дайын болыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Денсаулық мәселесіне қазірден дайын болыңыз
  • “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Ұқсас мәлімет
  • Сен мұны кейінге ысырып жүрген жоқсың ба?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Қан құймай емдеу әдістерінен хабардарсың ба?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Өзің үшін шешіп алдың ба?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2011
  • Төтенше жағдайға дайынсың ба?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Көбірек мәлімет
“Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
mwb23 қаңтар 7-б.

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Денсаулық мәселесіне қазірден дайын болыңыз

Дайындық неге маңызды? Сіз күтпеген жерден ауруханаға түсіп, жедел медициналық көмекке мұқтаж болып қалуыңыз мүмкін. Осындай жағдайға алдын ала дайындалатын болсаңыз, сізге ең жақсы медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұған қоса, өмірге және Ехобаның қанға қатысты заңына құрмет көрсетесіз (Е.і 15:28, 29).

Қалай дайындала аласыз?

  • Жақсылап ойланып, дұға етіп, “Өз еркін білдіру және сенімхат” (ЕБС) құжатын толтырып қойыңызa. Шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушылар осы құжатты және кәмелетке толмаған балаларға арналған “Жеке куәлікті” әдебиетке жауапты бауырластан ала алады.

  • Жүкті болсаңыз, ақсақалдардан “Жүкті бауырластарға арналған нұсқаулықты” (S-401) сұраңыз. Жүктілік немесе босану кезінде қиындық туындаса, бұл құжат сізге дұрыс шешім қабылдауға көмек болады.

  • Сізге қанмен байланысты ем-шара қабылдау керек болса не ауруханаға жататын болсаңыз, қауым ақсақалдарын алдын ала хабардар етіңіз.

Ақсақалдар қандай көмек көрсетеді? Олар сізге “Өз еркін білдіру және сенімхат” құжатын толтыруға көмектесе алады. Алайда ақсақалдар сіздің орныңызға шешім қабылдамайды және жеке шешімге байланысты мәселелерге келгенде өз пікірлерін айтпайды (Рм 14:12; Ғл 6:5). Қанмен байланысты мәселе туындаған жағдайда, ақсақалдар бірден Ауруханалармен байланыс комитетіне (АБК) хабарласады.

АБК қандай көмек көрсетеді? Бұл комитеттегі арнайы дайындықтан өткен бауырластар дәрігерлер мен заңгерлерге біздің қанға қатысты діни ұстанымымызды түсіндіре алады. Олар дәрігеріңізге қансыз ем-шаралар жайлы айтып, түсіндіріп бере алады. Қажет болып жатса, сізге қансыз емдеуге келісетін дәрігерлер табуға көмектеседі.

“ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНДЕ ҚАНҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Қанмен байланысты шұғыл мәселеге дайын болу үшін, осы видеодан қандай ойлар түйдіңіз?

a Қанды пайдалануға қатысты шешім қабылдауға “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының 39-сабағы жақсы көмек болады.

СІЗ ДАЙЫНСЫЗ БА?

Қанмен байланысты мәселеге кезіксеңіз...

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу