ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 23, 24
Көпшілікке ермеңіз
Ехоба кезінде куәгерлер мен билерге сот істерінде көпшілікке еріп, жалған куәлік бермеуді және шындықты бұрмалап үкім шығармауды ескерткен. Мұның өмірдің басқа салаларына да қатысы бар. Мәсіхшілерге осы дүниенің Құдайға ұнамсыз ой-пікірі мен жүріс-тұрысына еліктеуге үздіксіз қысым жасалады (Рм 12:2).
Мына жағдайларда көпшілікке еру неге даналыққа жатпас еді:
рас-өтірігі белгісіз сыбыс не өсек естігенде?
киім, шаш үлгісі мен ойын-сауықты таңдағанда?
ұлты, мәдениеті не әлеуметтік жағдайы басқа адамдар жайлы ойлағанда не солармен қарым-қатынасымызда?