Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w24 қыркүйек 19-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса 70 шәкіртін уағыздауға жіберді
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • “Осы күн естеріңде қалсын”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жоғарғы бөлмеде
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Қарапайым кештің Иса жайында айтары
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
w24 қыркүйек 19-б.
Иса өзінің адал елшілерімен бірге жиналып, Иеміздің кешкі асын енгізіп жатыр.

Оқырман сауалдары

Иса уағыздауға жіберген 70 шәкірт неге Иеміздің кешкі асы енгізіліп жатқанда елшілердің арасында болмаған? Олар Исаны тастап кеткен бе?

Иса Иеміздің кешкі асын енгізген кезде қасында 70 шәкіртінің болмағанына қарап, олар Исаның ықыласынан айырылып қалды не оны тастап кетті деп ойламауымыз керек. Иса жай ғана осы кешті өзінің елшілерімен өткізгісі келген.

12 елші де, 70 шәкірт те Исаның ізбасарлары болған. Алдымен, Иса шәкірттерінің ішінен он екісін таңдап, оларды “елшілер” деп атаған (Лұқа 6:12—16). Иса Ғалилеяда болғанда “12 елшісін шақырып алып,.. оларды Құдай Патшалығы туралы уағыздауға, ауруларды сауықтыруға жіберді” (Лұқа 9:1—6). Ал кейінірек Яһудеяда жүргенде, Иса “70 шәкіртін таңдап алып, оларды... екі-екіден жіберді” (Лұқа 9:51; 10:1). Демек, әртүрлі жерлерде Исаның ізгі хабарды уағыздайтын шәкірттері болған.

Исаның шәкірттері болған яһудилер, өз отбасыларымен бірге болса керек, әлі де жыл сайын Құтқарылу мейрамын тойлайтын (Мұс. 2-ж. 12:6—11, 17—20). Өлетін уақыты таяғанда, Иса осы мейрамды атап өту үшін елшілерімен бірге Иерусалимге келді. Бірақ ол Яһудеядағы, Ғалилеядағы, Переядағы барлық шәкірттерін шақырып жатпады. Иса бұл ерекше кешті тек елшілерімен ғана өткізгісі келген болса керек. Ол елшілеріне былай деген: “Азап шегерімнің алдында осы Құтқарылу мейрамының асын сендермен жеуді қатты қалаған едім” (Лұқа 22:15).

Исаның бұл қалауы өте орынды еді. Өйткені ол “дүниені күнәдан арылтатын Құдайдың Тоқтысы” ретінде жанын құрбан еткелі жатыр еді (Жох. 1:29). Құдайға арналған құрбандықтардың бәрі Иерусалимде шалынғандықтан, ол да осы қалада өлмек-тін. Исраилдіктер Мысырдан азат болған түні жеген тоқтымен салыстырғанда, Исаның өлімі анағұрлым ұлы бостандыққа жеткізбек еді (Қор. 1-х. 5:7, 8). Исаның өлімінен кейін 12 елші мәсіхшілер қауымының іргетасы болмақ еді (Ефес. 2:20—22). Көңіл бұратын жайт, киелі қала Иерусалимнің “12 іргетасы бар, әрі оларға Тоқтының 12 елшісінің 12 есімі жазылған” (Аян 21:10—14). Бұдан көретініміздей, бұл адал елшілер Құдай ниетінің орындалуында маңызды рөл атқармақ еді. Сондықтан Исаның ең соңғы Құтқарылу мейрамын, кейін артынша атап өткен Иеміздің кешкі асын неге 12 елшісімен атап өткісі келгені түсінікті-ақ.

Бұл маңызды кеште 70 шәкірт те, Исаның басқа шәкірттері де болған жоқ. Бірақ адал болып қалса, Иса енгізген Иеміздің кешкі асының игілігін олар да көрмек еді. Алдағы уақытта да майланған мәсіхшілердің бәрі Иса сол түні елшілермен жасасқан келісімге қосылмақ еді (Лұқа 22:29, 30).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу