Тәлім беруге арналған құралдарымыз
1. Мәсіхшілер қай жағынан ұстаға ұқсайды?
1 Ұстаның әр түрлі құрал-сайманы болады. Олардың кейбірін анда-санда, ал негізгілерін күнделікті қолданады. Сондықтан негізгі құралдармен жұмыс істеуге тәжірибелі ұста әбден машықтанған. Киелі кітап мәсіхшілерді қызметке атсалысуға және “еш ұятқа қалмайтын жұмысшы болуға” шақырады (Тім. 2-х. 2:15). Біздің жиі қолданатын құралымыз қандай? “Шәкірт дайындауда” қолданатын басты құралымыз — Құдай Сөзі (Мат. 28:19, 20). Сондықтан “шындық сөзін дұрыс үйретуде” шебер болуға тырысуымыз керек. Алайда, адамдарды шындыққа үйрету үшін, барлық мәсіхшілер қолдана білуі керек тағы басқа құралдар да бар (Нақ. с. 22:29).
2. Тәлім беруде басты құралдарымыз қандай?
2 Тәлім берудегі негізгі құралдарымыз. Киелі кітаптан басқа тағы қандай әдебиеттерді қолдануымыз керек? Киелі кітаптың шындығын үйретудегі негізгі әдебиет — “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабы. Бұл кітапты өтіп болған соң, зерттеушіге Киелі кітаптың принциптерімен өмір сүруді үйрету үшін, “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабын қарастырамыз. Сондықтан осы екі кітапты қолдануда шебер болуымыз керек. Құралдарымыздың арасында бірнеше кітапша да бар. Зерттеу сабағын бастауға арналған кітапша —“Құдайдан келген қуанышты хабар”. Сондай-ақ “Құдайды тыңдаңыз” және “Құдайды тыңдаңыз, сонда мәңгі жасайсыз” кітапшалар бар. Бұларды сауаты аз адамдармен және біздің әдебиеттер аз не басылымдар мүлдем шықпайтын тілдерде сөйлейтін адамдармен Киелі кітапты талқылауда қолдануға болады. Зерттеушілерді ұйымға бағыттауға көмектесетін негізгі әдебиет — “Бүгінде Ехоба Құдайдың еркін кім орындауда?” кітапшасы. Шәкірт дайындау ісінде зор көмек болып жатқан бейнематериал бар: “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?”, “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” және “Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтеді?”
3. “Біздің қасиетті қызметіміздің” кейінгі сандарында шығатын мақалалар не істеуге көмектеседі?
3 “Біздің қасиетті қызметіміздің” кейінгі сандарында негізгі әдебиеттеріміздің көмегімен тәлім беруге үйрететін мақалалар шығатын болады. Қолдағы құралдарымызды шеберлікпен қолдануға тырысатын болсақ, келесі кеңеске құлақ асамыз: “Өзіңе және беріп жатқан тәліміңе әрдайым ден қой. Ұдайы осыларды істей бер, сонда өзіңді де, тыңдаушыларыңды да құтқарасың” (Тім. 1-х. 4:16).