Ұсыныс үлгілері
“Күзет мұнарасы” 1 маусым
“Жаратушының бүкіл адамзатқа айтқысы келетін маңызды хабары болса, оны қай тілде жазғызар еді деп ойлайсыз? [Жауабын күт.] Барлық халыққа тілді берген Жаратушымыздың өзі. Демек, маңызды хабарын Құдай әр адам өз ана тілінде жеткенін қалайды деу қисынды. [Тімотеге 1-хат 2:3, 4 оқы.]”.
“Ояныңдар!” (ор.) Маусым
“Денсаулық — мол байлық” деп жатамыз. Өзіміздің және туыстарымыздың денсаулығы жақсы болғанын қалаймыз, солай емес пе? [Жауабын күт.] Мына сөздердің жүзеге асқанын көргіңіз келер ме еді? [Ишая 33:24а оқы.] Осы пайғамбарлық орындалғанша денсаулығымызды жақсарту үшін бес негізгі жайтты орындауымыз керек. Бұл туралы мына журналда түсіндіріледі. Қаласаңыз оны jw.org сайтынан жүктеп ала аласыз.