8 маусымнан басталатын аптаның кестесі
8 МАУСЫМНАН БАСТАЛАТЫН АПТА
5-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Самуилдің 2-жазбасы 19—21 (8 мин.)
№ 1: Самуилдің 2-жазбасы 19:24—37 (3 мин. не одан кем)
№ 2: Бақытты болу үшін не істеу керек? (nwt 26-б., 1—3 абз.). (5 мин.)
№ 3: Неліктен Шайтаннан жан ұшыра қорқуға негіз жоқ дей аламыз? (lv 16-тар., 1—5 абз.). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: “Бұрыңғы күндерді есіңе ал” (Мұс. 5-ж. 32:7).
10 мин. “Бұрыңғы күндерді есіңе ал.” Осы айдың тақырыбына негізделген баяндама. Мұсаның 5-жазбасы 4:9; 32:7 мен Зәбүр 71:15—18 тармақтарды оқып, талқыла. Ұйымның тарихында болған оқиғалар мен адамдарды есте ұстаудың пайдасын түсіндір. Жариялаушыларды “Күзет мұнарасының” “Біздің мұрағаттан” деген айдарындағы мақалаларды отбасылық ғибадатта арагідік талқылап отыруға шақыр. Осы айда болатын қызмет кездесуінің кейбір бөлімдеріне шолу жасап, олардың осы айдың тақырыбымен байланысын талқыла.
20 мин. “Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. “Құдайдан келген қуанышты хабар” кітапшасымен есік алдында зерттеу сабағын бастайық.” Қызмет бақылаушысы жүргізетін талқылау. Қауымның уағыздау қызметі жөніндегі есебінен ойға қонымды сандарды келтіре отырып, көбірек зерттеу сабағын бастауға болатынын көрсет. Қоршаудағы ұсынысты қолданып, тәжірибелі ізашар есік алдында зерттеу сабағын қалай бастауға болатынын көрсетсін. Бауырластарды есік алдында зерттеу сабағын бастауға шақыр.
29-ән және дұға