Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Үй иесі ашуланғанда дұрыс әрекет ет
Бұл неліктен маңызды? Уағыз кезінде көп адам бізге жылы шырай танытады. Алайда Иса бізді жек көретін адамдардың болатынын айтып кеткен (Жох. 17:14). Сондықтан сөйлескенде үй иелері ашу шақырып жатса, біз бұған таңғалмаймыз. Осындай жағдайда, Ехобаның атынан келгендіктен, соған ұнамды жолмен әрекет еткіміз келеді (Рим. 12:17—21; Пет. 1-х. 3:15). Сонда жағдай ушығып кетпейді. Сондай-ақ біз әрекетімізбен үй иесіне де, сырттан бақылап тұрғандарға да куәлік береміз. Осының арқасында Куәгерлер келесі жолы келгенде, олар тыңдауға әлдеқайда бейім болады (Қор. 2-х. 6:3).
Осы айда былай етіп көр:
Отбасылық ғибадат кезінде жаттығып дайындал.
Ашуланған адамның үйінен кеткеннен кейін, серіктесіңмен болған жағдайды талқылап, қалай жақсырақ әрекет етуге болатынын қарастыр.