Кесте: 12 қаңтардан басталатын апта
12 ҚАҢТАРДАН БАСТАЛАТЫН АПТА
30-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
my 61-оқиға (30 мин.)
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Ешуа 21—24 (8 мин.)
№ 1: Ешуа 24:14—21 (3 мин. не одан кем)
№ 2: Өзгелердің рухын көтеретін сөздер қандай болады? (lv 12-тар., 15—22 абз., 140-б., қоршау). (5 мин.)
№ 3: Ехоба — Құдіреті шексіз Жаратушы (nwt 6-б., 4-абз.—7-б.,1-абз.). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: “Мейлінше кішіпейіл болып Иемізге құл сияқты қызмет етейік” (Елшілердің істері 20:19).
10 мин. Мейлінше кішіпейіл болып Иемізге құл сияқты қызмет етейік. Талқылау. Елшілердің істері 20:19-ды оқы. Сосын тыңдаушыларды келесі сұрақтарға жауап беруге шақыр. 1) “Құл сияқты қызмет ету” деген нені білдіреді? 2) Иеміз Иса Мәсіхке құл сияқты қызмет етудің кейбір жолдары қандай? 3) Кішіпейілділік деген не? 4) Кішіпейілділік қызметімізді атқаруға қалай көмектеседі?
20 мин. “Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Үй иесі ашуланғанда дұрыс әрекет ет.” Талқылау. Мақаланы талқылағаннан кейін, екі бөліктен тұратын қысқаша көрініс көрсетілсін. Біріншісінде жариялаушы үй иесі ашуланғанда дұрыс әрекет етпейді. Сосын дұрыс әрекет етеді. Барлығын “Осы айда былай етіп көр” деген тақырыпшаның астындағы кеңестерді қолдануға талпындыр.
39-ән және дұға