Көпшілік орындарда уағыздаудың керемет жаңа тәсілі
1. Адамдар көп жүретін жерлерде қызмет ететін қауымдар қандай іске шақырылды?
1 Адамдар көп жүретін жерлерде қызмет ететін қауымдар көпшілік орындарда уағыздауға шақырылған болатын. Қызметтің бұл түрінде олар үстелдер мен жылжымалы стенділерді қолданды. Негізінде, жылжымалы стендінің қасында кем дегенде бір бауырлас болу керек, ал үстелдің жанында екі жариялаушы болуға тиіс. Бұл бауырластар күлімдеп, достық пейіл танытып, өздерін еркін ұстаулары керек. Қызмет кезінде адамның назары стендіге түссе, үстел мен стендінің қасында тұрған жариялаушы әңгіме бастау үшін былай дей алады: “Киелі кітапта бұл тақырып жайлы не делінгенін білгіңіз келе ме?” Ал қалған екі-үш жариялаушы үстел мен стендіге жақын жерде бейресми куәлік етіп жүреді. Сонда керек болған жағдайда олар әңгіме бастаған жариялаушыға тез арада көмекке келе алады.
2. Көпшілік орындарда уағыздау тиімді тәсіл екенін дәлелдейтін оқиғаны айтып бер.
2 Қызметтің аталмыш түрі көптеген Киелі кітап зерттеу сабағының басталуына түрткі болды. Бір студент қыз Ехоба куәгерлері жайында зерттеу жүргізуді таңдаған екен. Алайда ол ешқандай Патшалық сарайын таба алмапты. Бір аптадан кейін ол колледжінің маңында әдебиеттер қойылған үстелді көріп қалады. Бұл қыз зерттеу сабағына келіседі. Қазір ол шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушы және қызметтің осы түріне өзі де атсалысып жүр.
3. Уағыздаудың жаңа тәсілі туралы кейбір жариялаушылар не ойлайды?
3 Қызметтің аталмыш түрін ұнататын бір әйел бауырлас былай ой бөлісті: “Кейбір адамдар қасымызға тоқтап, журналдардың соңғы сандарын алып кетсе, кейбірі біз жайлы мүлдем естімеген болып шығады. Уағыздаудың осы бір тәсілі көп адамға куәлік беруге мүмкіндік береді”. Басқа бір қыз бауырлас былай дейді: “Бұл жаңа тәсіл өте қызық екен, өйткені адамдардың өздері жақындайды, тіпті бұған онша қызықпаса да, не екен деп қарап кетеді”.
4. Стенді мен үстелді апта сайын белгілі бір уақытта, бір жерге қойған неліктен жақсы?
4 Стенді мен үстелді апта сайын белгілі бір күндері, бір уақытта, бір жерге қойған жақсы. Осының арқасында адамдардың оларға көздері үйренеді, сонда олар еркін жақындап сұрақ қояды, әдебиет алады. Сендердің қауымдарың қызметтің осы түріне атсалыса ма? Олай болса, “барлық жерде Құдай патшалығы туралы ізгі хабарды жариялауға” мүмкіндік беретін қызметтің осы бір қызықты да жемісті түріне қатысып көр (Лұқа 9:60).