Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 4.13. 3—4 бет.
  • Тыңда және үйрен

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тыңда және үйрен
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ұқсас мәлімет
  • Рухани тойға дайынсың ба?
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Рухани тамақтанып, қуанышқа кенелудің мүмкіндігі
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • “Халықты менің алдыма жина”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Облыстық конгрестер — шындық туралы куәлік берудің керемет мүмкіндігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
km 4.13. 3—4 бет.

Тыңда және үйрен

1. Облыстық конгресте тыңдау және үйрену үшін неліктен көп күш салу керек?

1 Жақында 2013 жылғы облыстық конгрестер басталады. Дүниежүзілік танаптың бүгінгі күнгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны дайындау үшін көп жұмыс жасалды. Сен конгрестің үш күніне де қатысу үшін қам жасадың ба? Бұндай үлкен жиындарда алаңдататын нәрселер көп болатындықтан, бағдарламаны мұқият тыңдау үшін көп күш салу керек болуы мүмкін. Сондай-ақ бағдарлама қауым кездесулеріне қарағанда ұзағырақ өтетіндіктен, көбірек зейін қою керек болады. Бұған қоса жол жүру және басқа да себептер бізді шаршатуы мүмкін. Олай болса, тыңдау және үйрену үшін сергек отыруға бізге не көмектеседі? (Заң. қ. 31:12).

2. Конгресс бағдарламасына жүрегімізді қалай дайындай аламыз?

2 Конгресс алдындағы дайындық. Біздің www.jw.org ресми веб-сайтымызға конгресс бағдарламалары қойылады. Онда барлық баяндамалардың атауы мен олардың әрқайсысының бір не екі негізгі тармақтары келтіріледі. Интернетке қосылған болсақ, бұл мәліметтерді алдын ала қарастырғанымыз жүрегімізді дайындауға көмектеседі (Езра 7:10). Неге отбасылық ғибадат кешінде бағдарламаны шолып шығуға уақыт бөлмеске? Бұл отбасы мүшелерінің бағдарламаға деген тәбетін ашуға көмектеседі.

3. Бізге мұқият тыңдауға не көмектеседі?

3 Бағдарлама барысында. Мүмкін болса, әжетханаға бағдарлама басталмай тұрып барып ал. Сонымен қатар ұялы телефоның бағдарлама кезінде сені алаңдатпауы үшін я өзің де біреуге хат жазбауың үшін оны өшіріп қойғаның жөн. Ал өшіріп қоя алмаған жағдайда, оны өзгелерге кедергі жасамайтындай режимге қойғаның дұрыс. Егер планшет қолданатын болсаң, оны басқаларды алаңдатпайтындай етіп қолдан. Бағдарлама кезінде су ішіп, тамақ жемеуге тырыс (Уағ. 3:1). Баяндамашыға қарап отыр. Жазба орны оқылғанда Киелі кітабыңды ашып, көз жүгірт. Естігендеріңді қысқаша түртіп ал.

4. Ата-аналар балаларының тыңдап, үйренулеріне қалай көмектесе алады?

4 Біз балаларымыздың да тыңдап, үйренгенін қалаймыз. Нақыл сөздер 29:15-те: “Өз бетімен жіберілген бала Анасын масқараға қалдырар”,— делінген. Сондықтан ата-аналар балаларының сөйлеспей, хат жазбай не әрі-бері жүрмей, бағдарламаны мұқият тыңдап отырғандарына сенімді болулары үшін олармен бірге отырғандары дұрыс. Балаларымыз тым кішкентай болғандықтан, айтылып жатқандардың барлығын түсінбесе де, оларға сергек әрі тыныш отыруды үйретуге болады.

5. Бағдарламадағы ойларды қайта қарастырған неліктен пайдалы және мұны қалай істеуге болады?

5 Конгрестің әрбір күнінен кейін. Үйге ертерек келуге тырыс. Жақсылап тынығып алу үшін кеш жатпа. Конгрестегі ойларды еске түсіргенің оларды ұзақ уақыт бойы ұмытпауға көмектеседі. Сол себепті конгрестің әрбір күнінен кейін кешке отбасыңмен бірге бағдарламаны талқылау үшін бірнеше минут бөлгенің пайдалы болады. Егер достарыңмен бірге дәмханаға баратын болсаң, неге конгресте жазған дәптеріңді өзіңмен бірге алып, әсіресе ұнаған ойлармен бөліспеске? Үйге оралғанда, конгрестегі ойларды отбасында қалай қолдана алатындарыңды талқылау үшін отбасылық ғибадат кешінде уақыт бөл. Сондай-ақ конгресте алған жаңа әдебиеттерді апта сайын уақыт бөліп оқысаң болады.

6. Конгреске барып қана қою жеткілікті ме? Түсіндір.

6 Тойда жайылған дастарқаннан дәм татып, нәр алмасақ, ол жерге барудың пайдасы шамалы болады емес пе? Рухани тойымыз болып табылатын облыстық конгресс туралы да осылай деуге болады. Конгрестің барлық бағдарламасына қатысу, мұқият тыңдау және үйренгендерімізді қолдану арқылы рухани тойымыздың толық пайдасын көрейік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу