Ескі басылымдар жиналып қалмасын
Көп қауымдарда жиналып қалған ескі басылымдар бар. Егер сенің де қауымыңда осындай әдебиеттер болса, неге керегіңді жеке кітапханаңа алмасқа? Бәлкім, Күзет мұнарасының электронды кітапханасында осы ескі әдебиеттердің кейбірі бар шығар. Әйтсе де басылымның өзі де қолда болғаны жақсы. Ал біреумен нәтижелі етіп Киелі кітапты зерттеп жүрген болсаң, оны осы ескі әдебиеттерден алып, жеке кітапханасын жинауға талпындыр. Теократиялық қызмет мектебінің бақылаушысы ескі басылымдардың алдымен Патшалық сарайындағы кітапханада бар-жоғына көз жеткізіп алу керек. Бұл басылымдар әлі де құнды. Сондықтан олар қауымда жиналып жатқанша, біздің қолданғанымыз әлдеқайда пайдалы емес пе?!