Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 11.10. 4-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Ұқсас мәлімет
  • Ізашарлық қызметтің баталары
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Олар адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді
    Біздің патшалық қызметіміз. 2006
  • Толық уақыт қызмет етіп жүргендерді ұмытпайық
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қызмет аясын кеңейту жолдары
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
Көбірек мәлімет
Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
km 11.10. 4-б.

Сауалдар жәшігі

◼ Ізашарларға іс жүзінде қалай көмектесе аламыз?

2009 қызмет жылында шамамен 800 000-дай бауырлас жалпы және арнайы ізашар болып қызмет етті. Бұл толық уақытты қызметшілер өздерінің уақытының, күшінің және қаражатының “алғашқы өнімін” Патшалық туралы ізгі хабарды таратуға жұмсады (Нақ. с. 3:9). Олардың бұл ерен еңбектері Ехобаға қандай ұнамды десеңші! Ізашарларға Ехобаның көзімен қарап, қызметтерінен қуаныш ала берулеріне және оны тоқтатпауларына қалай септігімізді тигізе аламыз?

Орнымен айтылған жылы сөздеріміз оларды ізашар ретінде қызметтерін жалғастыра беруге талпындырары сөзсіз (Нақ. с. 25:11). Аптаның ішінде солармен қызметтес болуды жоспарлай аламыз ба? Ізашармен уағызға шыққанда оның көлігімен емес, өзіміздің көлігімізбен баруды ұсынсақ болады. Егер оның көлігімен баратын болсақ, шығынды өзіміз өтеуді ұсынайық (Қор. 1-х. 13:5; Філіп. 2:4). Қонақжайлық таныту және тамаққа шақыру арқылы да оларға сүйіспеншілікпен қолдау көрсете аламыз (Пет. 1-х. 4:8, 9).

Жазбалар Ехоба Патшалықты бірінші орынға қоятын қызметшісінің қажеттілігін қанағаттандыратынына сендіреді (Заб. 36:25; Мат. 6:33). Ол мұны сүйіспеншілік орнаған мәсіхшілік бауырластық арқылы да істейді (Жох. 1-х. 3:16—18). Әрине, ізашарлар басқалар өздерін қаржы-қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпейді. Сондай-ақ қажеттіліктері туралы басқаларға айтпайтын да шығар. Алайда біз қырағы және байқампаз болып, адал ізашарларға “мұқтаждықтарын қамтамасыз ету” үшін іс жүзінде көмектесе аламыз (Қор. 2-х. 8:14, 15).

Бірінші ғасырда Кеніхрея қауымында қызмет еткен Фөбе есімді құлшынысты уағыздаушы Рим қаласына келгенде, Пауыл қауымдағы бауырластарды мынаған талпындырды: “Оны Иеміздің кісісі ретінде Құдайдың адамдарына лайықты қабылдап, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер!” (Рим. 16:1, 2). Сол сияқты, біздің де қауымымыздағы жалпы немесе арнайы ізашар ретінде талмай ізгі хабарды уағыздап жүрген бауырластарға сүйіспеншілікпен қолдау көрсетуге мүмкіндігіміз бар (Ел. іс. 5:42).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу