“Киелі кітап. Ондағы тарихи деректер мен сенімді пайғамбарлықтар”
Киелі кітаптың тарихи жағынан тура екеніне қандай дәлелдер бар? Орындалған қандай пайғамбарлықтар болашаққа қатысты пайғамбарлықтардың да жүзеге асатынына сендіреді? Бұл сұрақтар DVD-дегі “Киелі кітап — нақты мәлімет пен пайғамбарлық жазылған кітап” фильмінің “Киелі кітап. Ондағы тарихи деректер мен сенімді пайғамбарлықтар” (ор.) деп аталатын үшінші бөлімінде қарастырылады. Бұл фильмді көрген соң, мына сұрақтарға жауап бере аласыңдар ма?
1) Киелі кітаптағы сенімді мәліметтердің Қайнар көзі кім? (Дан. 2:28). 2) Киелі кітап қалайша ежелгі Мысырды тура суреттейді және Ишая 19:3, 4-тегі пайғамбарлық қалай орындалды? 3) Киелі кітаптағы ассириялықтар, олардың патшалары және Ассирияның жойылуы туралы мәліметті археологиялық қазбалар қалай растайды? (Нғм. 3:1, 7, 13). 4) Бабылға қатысты қандай пайғамбарлықтар орындалды? (Ерм. 20:4; 50:38; 51:30). 5) Мидо-Парсыға қатысты қандай пайғамбарлық орындалды? (Ишая 44:28). 6) Даниял 7:6 мен 8:5, 8-дегі сөздер Грекияға қатысты қалай орындалды? 7) Даниял 7:7-дегі сөздер Рим дүниежүзілік ірі мемлекет болғанда қалай жүзеге асты? 8) Киелі кітапта қандай Рим императорлары жайлы аталып өткен? 9) Неронның билігі кезінде мәсіхшілермен не болды? 10) Аян 13:11 мен 17:10-дағы пайғамбарлықтар қалайша жүзеге асты? 11) Сегізінші патша кім? 12) Фильмнің қай үзінділері Екклесиаст 8:9-дағы сөздерді растайды? 13) Болашақта қай пайғамбарлықтың орындалуын тағатсыздана күтудесің? 14) Киелі кітап Құдай рухының жетелеуімен жазылғанына өзгелердің көзін жеткізу үшін осы фильмді қалай қолдана аласың?