Теократиялық қызмет мектебі. Қайталау
Келесі сұрақтар теократиялық қызмет мектебінде 2009 жылғы 31 тамыздан басталатын аптада қарастырылады. Мектеп бақылаушысы 2009 жылғы 6 шілдеден басталатын апта мен 31 тамыздан басталатын апта аралығында қарастырылған мәліметтерге негізделген 20 минуттық қайталау жүргізеді.
1. Саулдың антын бұзып, балдан жегені үшін Жонатан Құдайдың рақымынан айырылып қалды ма? (Пат. 1-ж. 14:24—32, 44, 45). (w05 1.4 30-б.)
2. Неге Кен тайпасы Саулдың ерекше рақымына ие болды? (Пат. 1-ж. 15:6). (w05 1.4 30-б.)
3. Қандай “қинайтын рух” Саулдың үрейін ұшырып, қорқытқан? (Пат. 1-ж. 16:14). (w05 1.4 31-б.)
4. Патшалықтар 1-жазба 16:17—23 тармақтарды ескеретін болсақ, неге Саул Дәуітті кімнің баласы деп сұраған? (Пат. 1-ж. 17:55—58). (w05 1.4 31-б.)
5. Дәуіттің келісім сандығын Иерусалимге әкелгісі келген бірінші әрекетінен не үйренуге болады? (Пат. 2-ж. 6:2—9). (w05 1.6 30-б.; w96-U 1.4 28-б., 5-абз.—29-б., 1-абз.)
6. Исраилдіктермен қақтығыстан соң, қанша моабтықтар өлімге кесілді? (Пат. 2-ж. 8:2). (w05 1.6 29-б.)
7. Дәуіт пен Барсабия күнә жасағанда, неге олардың балалары өлу керек болды? Заңды қайталау 24:16-да және Езекиел 18:20-да әкесінің күнәсі үшін баласы жауапты емес екені айтылған ғой (Пат. 2-ж. 12:14; 22:31). (w05-U 15.5 31-б.)
8. Неге санақ жүргізгені үшін Дәуіт ауыр күнәға батқан? (Пат. 2-ж. 24:1). (w05 1.6 32-б.)
9. Неге балқытып құйылған “теңіздің” тұғырына өгіздің мүсіндері қолданылған? (Шеж. 2-ж. 4:2—4). (w05 1.11 9-б.)
10. Сүлеймен тұрғызған ғибадатханаға алғашқы киелі шатырдың қандай жиһазы кіргізілді? (Шеж. 2-ж. 5:4, 5, 10). (w05 1.11 9-б.)