Еске алу кешіне келген адамдарға қалай көмектесуге болады?
1. 2008 жылдың 22 наурызында қандай керемет куәлік берілетін болады?
1 Дүниежүзі бойынша миллиондаған адамға 2008 жылдың 22 наурызында керемет куәлік берілетін болады. Сол күні Еске алу кешіне келген адамдар Ехобаның төлем құрбандығын беру арқылы адамзатқа көрсеткен зор сүйіспеншілігі туралы естиді (Жох. 3:16). Сондай-ақ олар Патшалық туралы және Ехобаның өз еркін жер бетіне орнату үшін осы Патшалықты қалай қолданатыны туралы біледі (Мат. 6:9, 10). Олар Құдай халқының сүйіспеншілігін, бірлігін және қонақжайлылығын өз көздерімен көретін болады (Заб. 132:1).
2. Еске алу кешіне келген қызығушыларымызға қалай көмектесуімізге болады?
2 Қызығушыларымыз. Еске алу кешіне келген адамдардың арасында зерттеу сабағын жаңадан бастағандар болады. Оларды бауырластармен таныстыр. Сондай-ақ апта сайынғы кездесулердің қалай өтетінін түсіндір және Патшалық сарайын көрсетіп шық. Баяндама айтатын бауырлас мұндай адамдарды рухани қадамдар жасай беруге шақырады. Кейін сен оның сөздеріне жүгініп, қызығушыңды рухани өсуге талпындыруыңа болады.
3. Еске алу кешіне келген уағыздамай жүрген жариялаушыларды қалай жігерлендіруге болады?
3 Уағыздамай жүрген жариялаушы. Кешке келген адамдардың арасында уағыздамай жүрген жариялаушылар да болады. Олардың алдынан шығып, жылы қарсы ал. Оларды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын жеке өмірлеріне қатысты сұрақтардан және сөздерден аулақ бол. Еске алу кеші өткеннен кейін көп ұзамай ақсақалдар сол жариялаушыларға барулары керек. Оларды Кешке келгендері үшін мақтап, шын жүректен келесі қауым кездесуіне шақырғандары дұрыс.
4. Қонақтарға әрқайсымыз қалай көңіл бөле аламыз?
4 Қонақтар. Еске алу кешіне келгендердің арасында біздің шақыруымызбен келген таныстарымыз не отбасымыздағы адамдар болуы ықтимал. Ал басқалары арнайы науқан кезінде шақыру қағазын алған адамдар болуы мүмкін. Егер олардың арасынан танымайтын адамдарды көрсең, жылы қарсы алып, таныс. Бұл кісілер бұрын соңды біздің кездесулерімізге келмеген болуы мүмкін. Олай болса, әңгіме барысында олармен қалай байланысуға болатынын біліп аларсың. Ал Еске алу кеші өткен соң көп ұзамай қайта бару арқылы не қысқаша телефон шалу арқылы қызығушылықтарын арттырып, зерттеу сабағын ұсынып көрерсің.
5. Зерттеу сабағын қалай бастауға болады?
5 Еске алу кешіне келген адамдарға қайта барғанда, “Киелі кітап үйретеді” басылымы бойынша зерттеу сабағын ұсыну үшін Кеште айтылған баяндамадағы ойларды еске түсіруге болады. Мысалы, баяндамашы Ишая 65:21—23 тармақтарды оқиды. Ал адамға қайта барғанда, баяндамадағы ойларға тоқталып өткен соң: “Төлем құрбандығының арқасында көруге болатын Құдайдың басқа да баталарына назарыңызды аударайын деп едім”,— деуіңе болады. Бұдан соң “Киелі кітап үйретеді” басылымының 4, 5-беттеріндегі мәліметті қарастырыңдар. Сондай-ақ: “Көп адам Ишая пайғамбар айтқан сөздердің қашан орындалатынын білгісі келеді”,— деуіңе болады. Одан кейін 9-тараудың 1—3 дейінгі абзацтарын қарастырыңдар. Баяндамашы айтқан хабарландыруды адамның есіне салып, “Киелі кітап үйретеді” кітабына назар аударған соң, зерттеу сабағының қалай өтетінін көрсету арқылы да зерттеу сабағын бастауға болады.
6. Исаның Еске алу кешіне қатысты өсиетін орындай жүріп, қандай мүміндіктерді іздеуіміз керек?
6 Бәріміз де Еске алу кешіне келген зерттеу сабағын өтіп жүрген адамдарға, уағыздамай жүрген жариялаушыларға және қонақтарға көмек көрсетудің мүмкіндіктерін іздеуіміз керек (Лұқа 22:19). Сонда көбірек қызмет етуге тырысып жатқанымыз үшін, Ехоба бізге батасын береді.