Ехоба куәгерлерінің 2008 жылғы облыстық конгресі
1. а) Неліктен Елші Пауылдың еврей мәсіхшілерге берген кеңесі бүгінгі мәсіхшілер үшін ерекше маңызды деуге болады? (Еврейлерге 10:24, 25-ті оқы). ә) Жақында біз үшін Пауылдың кеңесін орындауға қандай мүмкіндік тумақ?
1 Елші Пауыл еврей мәсіхшілерді бірге жиналып тұруға және Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білетіндіктен ‘бір-бірін одан бетер жігерлендіре’ беруге талпындырған (Еврейлерге 10:24, 25). Пауыл айтқан ‘күннің’ өте жақын қалғанын көрсететін дәлелдер күн санап көбеюде. Сол себепті қаупі күннен күнге өсіп келе жатқан “соңғы дәуірде” басшылық болатын рухани тәлімді алу үшін бауырластармен бірге жиналу мүмкіндігін асыға күтудеміз (Тім. 2-х. 3:1). Келе жатқан 2008 жылғы облыстық конгресте бізге осындай мүмкіндік берілмек.
2. а) Неге конгрестің үш күніне де қатысқанымыз маңызды? ә) Ол үшін қалай дайындалған дұрыс?
2 Үш күніне де қатыс. Біз сендерді конгрестің үш күніне де қатысуға шақырамыз. ‘Сенушілердің жиналыстарына бармай қалмауға’ қатысты кеңеске құлақ аса отырып, маңызды рухани ас-судың толық пайдасын көретін боламыз (Евр. 10:25). Мүмкіндігінше ерте бастан дайындала бер. Егер бастығыңа ерте бастан айтып қойсаң, оның да алдын ала қам жасауына мүмкіндік бересің. Конгресс балаларың мектепке баратын уақытта өтсе, олардың мұғалімдеріне өз жоспарларың туралы айтыңдар. Конгресс сендер үшін Құдайға деген ғибадаттың ажырамас бөлігі екенін түсіндіріңдер. Құдай Патшалығын басты орынға қойғандарың үшін Ехобаның өздеріңді жарылқайтынына күмәнданбасаңдар да болады (Мат. 6:33).
3. Басқалардың жағдайын ойлайтынымызды қалай көрсете аламыз?
3 Басқаларға көмектес. Сондай-ақ Пауыл бауырластардан ‘біріне-бірі мұқият’ болуды өтінген (Евр. 10:24, Тт). Сенің кітап зерттеу тобыңда конгреске бару үшін көмегіңді қажет ететін бауырластар бар ма? Қызығушыларыңның өзіңмен бірге конгреске бір күн болса да қатысуына көмектесе аласың ба? Үй-ішіңдегі куәгер емес адамдарға өз жоспарыңды айтқанда, неге оларды да конгреске шақырмасқа? Сүйіспеншілікпен жасаған мұндай әрекеттерің өзің күтпеген баталар әкелуі мүмкін.
4. Облыстық конгрестердің қайда және қашан өтетінін қалай білуімізге болады?
4 Мәлімет алу. Жыл сайын конгрестің қашан және қайда өтетінін білу үшін филиалға жүздеген адам телефон шалады. Бұл жайында филиал барлық қауым хатшыларына хабарлайды. Сондықтан филиалға телефон шалмас бұрын, басқа қалаларда конгрестің қайда және қашан өтетінін қауымның хатшысынан біліп алуларыңды сұраймыз.
5. Өз қауымымыз тағайындалған конгрестен басқа конгреске баратын болсақ, орналасуға қатысты мәлімет алу үшін не істеуіміз керек?
5 Егер қауымдарың тағайындалған конгрестен басқа конгреске баратын болсаң, “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкін сол конгресті ұйымдастыру бюросына жіберіп, орналасуға қатысты мәлімет алуыңа болады. Жақында бұл бланктерді конгресс бюросы барлық қауым хатшыларына жібереді. Ал қауым хатшысы саған өзің барғалы жатқан конгресс бюросының мекен-жайын береді. Жауап алу үшін бланкпен бірге өз мекенжайың мен марка жапсырылған бос хатқалта салып жіберуді ұмытпа.
6. “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкіне қатысты қандай жайттарды ескеру керек?
6 Ерекше мұқтаждықтар. Егер жариялаушы орналасуға қатысты көмек сұраса, қауымның қызмет комитеті жариялаушы “Ерекше мұқтаждарды жайғастыруға арналған тапсырыс” бланкін толтыра ала ма, жоқ па, соны шешуі керек. Қауым хатшысы бланкті конгрестің пәтер бөліміне жібермес бұрын ондағы басшылық пен 2007 жылдың 14 желтоқсанындағы барлық ақсақалдар кеңесіне арналған хат қарастырылу керек.
7. а) Конгресс уақытында Ехобаны қалайша мадақтай аламыз? ә) Бауырластарымыздың жақсы жүріс-тұрысына қатысты бір қонақ үй қызметкері өз лебізін қалай білдірді?
7 Игі істер. Ғибадат ету үшін жиналып тұруға қатысты өсиетке мойынсұнғанымыздың өзіміз үшін көп ‘пайдасы’ бар. Бұдан да маңыздысы — осының арқасында Ехобаның есімін мадақтаудың мүмкіндігі туады (Иш. 48:17). Облыстық конгресте көптеген адам біздің ‘игі істеріміз айқын көреді’, тіпті кейбіреулер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп те жатады (Тім. 1-х. 5:25). Мысалы, жылдар бойы конгресс өткізіліп жүрген бір қаладағы қонақ үй меңгерушісі былай деп ризашылығын білдіреді: “Ехоба куәгерлері турасында және сендердің конгрестеріңнің бізге қалай әсер ететіні жайлы да қалада ду-ду әңгіме болып тұрады. Сендердің конгресс өтетін жерді тазалауға шығатындарыңды білеміз, көлік қоятын жерлерді тазалап жүргендеріңді де көріп жүрміз. Жаз мезгілінде бізге келіп тұратындарың қуанышты-ақ. Қарым-қатынасымыз алдағы жылдарда да жалғасын табады деп үміттенеміз.” Қонақ үй меңгерушісі басқа топтармен және көңіл көтеруге келген адамдармен қандай қиын жағдайларға ұшырағанын айтып берген соң, бауырластардың қызметтестік рухын және шыдамдылық танытқандары туралы айтады. Ол: “Қонақ үйге тоқтаған адамдардың барлығы да Ехоба куәгерлері сияқты болса ғой”,— дейді. Бауырластарымыздың жүріс-тұрысына қатысты айтылған осы және басқа да мақтау сөздер Құдайымыз Ехобаның жүрегін қуантары сөзсіз!
8. Матай 4:4-тармақтағы сөздер бағдарламаның әр бөлімін мұқият тыңдаудың маңыздылығын қалай көрсетеді?
8 Иса біздің өміріміз ‘Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзіне’ құлақ асқанымызға байланысты екенін айтқан болатын (Мат. 4:4). Жыл сайын өтетін конгрестерде Ехоба “адал да ақылды құл” арқылы рухани ас-суын уақтылы беріп отырады (Мат. 24:45, ЖД). Осы рухани тойды дайындап, оны өткізу үшін көп іс атқарылуда. Конгреске қатысып, оның әр бөлімін мұқият тыңдау арқылы сүйіспеншілікпен қамқорлығын көрсетіп жатқан Ехобаға ризашылығымызды білдірейік.
[3-беттегі қоршау]
Бағдарлама уақыты:
Жұма және сенбі
9:20—16:55
Жексенбі
9:20—16:00