Қызмет кездесулерінің кестесі
11 қыркүйектен басталатын апта
20-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. “Біздің патшалық қызметімізден” іріктеліп алынған хабарландырулар. 25 қыркүйектен басталатын аптада “Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуыма болады?” (ор.) деп аталатын фильм талқыланатындықтан, бәрін де оны көріп шығуға шақыр.
20 мин. Қызмет кездесуі мен Теократиялық қызмет мектебінің пайдасы. “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” (ор.) кітабының 64-бетіндегі тақырыпшадан 69-бетіндегі тақырыпшаға дейінгі мәліметке негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
15 мин. Офистен келген хат. “Біздің патшалық қызметіміздің” бірінші бетінде жарияланған офистен келген хатқа негізделген баяндама және тыңдаушылармен талқылау.
15-ән және соңғы дұға.
18 қыркүйектен басталатын апта
8-ән
5 мин. Жергілікті хабарландырулар. 4-беттегі немесе аймақтарыңда қолдануға болатын басқа ұсынысты пайдаланып, “Күзет мұнарасының” 1 қыркүйектегі санын көшеде қалай ұсынуға болатынын көрсет.
15 мин. Өткен жылы қандай жұмыс атқардық? Қызмет бақылаушысы жетістіктерге баса назар аудара отырып, өткен қызмет жылында атқарылған істерді қысқаша айтып шығады. Орынды түрде мақтау айт. Алдағы жылда көңіл аударуға тұрарлық бір-екі саланы атап өт. Ізашарларды жақсы істері үшін мақтай отырып, атқарған істерін айт. Енжар бауырластарға көмек көрсетудің жақсы нәтижелерін айт.
25 мин. “16 қазан мен 12 қараша аралығында өтетін арнайы науқан!” Бұл бөлімді ақсақал ықыласпен айтып шығады. 2006 жылдың 6 шілдесіндегі ақсақалдар кеңесіне арналған хаттағы хабарландыруды оқып шыққан соң, №37 “Патшалық туралы хабарды” залдағыларға бір-бірден үлестіріп шық. Одан кейін мақаланы сұрақ-жауап ретінде өткіз. Қауымға тіркелген аймақты толық жүріп шығу үшін қандай шаралар қарастырылғанын айт. Барлық жариялаушыларды осы науқанға белсене атсалысуға шақыр. Қысқаша көрініс ұйымдастыр.
4-ән және соңғы дұға.
25 қыркүйектен басталатын апта
27-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Қаржы жөніндегі есепті және садақа үшін ризашылық білдірген Қоғамның хатын оқы. Қыркүйек айындағы қызметтері жөнінде есеп беруді жариялаушылардың естеріне сал.
25 мин. “Ойландыратын фильм”a. 1-абзацты талқылап жатқанда, қауымдағыларды “Жастардың сауалдары. Нағыз достарды қалай табуыма болады?” деп аталатын фильмнің өздеріне қалай әсер еткенін қысқаша айтып беруге шақыр. Одан кейін 2—7 дейінгі абзацтардағы сұрақтарды қолданып, талқылау жүргіз.
10 мин. Қызметте болған оқиғалар. Жариялаушыларды “Ояныңдар!” журналының арнайы басылымын ұсынып жүргенде болған оқиға туралы немесе қыркүйек айында адаммен алғаш кездескен сәтте басталған зерттеу сабағы туралы айтып беруге шақыр. Ерекше бір-екі оқиғаны көрсетуге болады.
22-ән және соңғы дұға.
2 қазаннан басталатын апта
5-ән
10 мин. Жергілікті хабарландырулар. Сауалдар жәшігіндегі ойларға тоқталып өт.
15 мин. Жергілікті қажеттіліктер.
20 мин. “Үйден-үйге уағыздау”b. Уақыт болса, залдағыларды Жазба орындарына түсініктеме беріп отыруға шақыр.
3-ән және соңғы дұға.
[Сілтемелер]
a Бір минутқа жеткізбей алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.
b Бір минуттан асырмай алғы сөз айт та, талқылауды сұрақ-жауап ретінде өткіз.