Қызығушылар арқылы жаңа зерттеу сабақтарын бастау
Егер біреумен Киелі кітап зерттеу сабағын өтіп жүрген болсаң, одан достарының, туыстарының немесе таныстарының арасында Киелі кітап зерттегісі келетін адамдар бар ма деп неге сұрамасқа? Мұндайда қызығушы жиі бірнеше адамды атап бере алады. Оларға барғанда, қызығушының рұқсатымен өзіңді кім жібергенін айт та, былай де: “[Пәленше] қазір Киелі кітап зерттеп жүр, ол маған сізді де оқығысы келетін шығар деп айтқан еді”. Одан кейін “Білім” кітабы бойынша зерттеу сабағының қалай өтетінін көрсет.
Егер сабақ өтіп жатқан адам жақсы жетістіктер жасап жатса, оны қызығушылық танытқан достарына және отбасындағы адамдарға сабақтың қалай өтетінін айтып беруге талпындырсаң болады. Сондай-ақ өз көздерімен көру үшін, оларды сабаққа шақыруына болады. Ал өзін ыңғайсыз сезінетін болса, сабақтың қалай өтетінін көрсету үшін олармен кездесуіңе жағдай жасасын. Бұл қызығушыны Киелі кітаптан білгендерін басқаларға айтуға талпындырады.
Сондай-ақ зерттеу сабағын өтпесе де, үнемі сөйлесіп тұратын адамдарың да қызығушылық білдіреді-ау деген адамдарды атай алатын шығар. Оларға “Білім” кітабын бергенде, жай ғана: “Осы кітапты басқа да оқығысы келетін адамдар бар ма?”— деп сұрауыңа болады.
Уақыт аз қалғандықтан, адамдардың ізгі хабарды естіп, қабыл алуларына қолымыздан келгенше көмектескіміз келеді. Сен қызығушылар арқылы жаңа зерттеу сабақтарын іздеп жүрсің бе?