Хабарландырулар
◼ Ұсынылатын әдебиеттер: Сәуір және мамыр айларында “Күзет мұнарасы”. Қызығушылық білдірген, сондай-ақ Еске алу кешіне не өзге де теократиялық кездесулерге қатысқан, бірақ қауыммен тығыз байланысы жоқ адамдарға қайта барғанда, “Құдайға ғибадат етіңдер” кітабын ұсынуға тырысыңдар. Әсіресе “Білім” кітабы мен “Құдай талап етеді” кітапшасын өтіп қойған адамдармен осы кітап бойынша Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыңдар. Маусымда “Отбасы бақыты” кітабы немесе “Құдай талап етеді” кітапшасы. Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға барынша күш салыңдар. Шілдеде “Құдайдың басшылығы” кітапшасы және қолда бар кез келген 32 беттік кітапша.
◼ 2006 жылғы облыстық конгреске арналған плакеткалар қауымдарға әдебиетпен жіберіледі. Егер қауымдарыңда шет тілде сөйлейтін топ болмаса, плакеткаларға арнайы тапсырыс берудің қажеті жоқ. Егер қосымша плакеткалар қажет болса, “Әдебиетке тапсырыс беру бланкі” (S-14) арқылы тапсырыс беру керек. Ал қауымдағыларға плакетка тұтқыш қажет болса, оған тапсырыс беру керек.
◼ Қауым хатшысында “Жалпы ізашар болуға өтініш” (S-205) және “Қосалқы ізашар болуға өтініш” (S-205b) бланктері жеткілікті мөлшерде болу керек. Оларға “Әдебиетке тапсырыс беру бланкі” (S-14) арқылы тапсырыс беруге болады. Кемінде бір жылға жететін бланктер болсын. Жалпы ізашарларға арналған өтініш бланктерін офиске жіберер алдында қауым хатшысы олардың толық толтырылуын қадағалау керек.
◼ Барлық төрағалық етуші бақылаушылар мен хатшылардың ең соңғы мекенжайлары мен телефон нөмірлері офисте болу керек. Өзгерістер болған жағдайда қауымның қызмет комитеті “Төрағалық етуші бақылаушының/хатшының өзгерген мекенжайы” (S-29) бланкін толтырып, қол қойып, офиске жіберу керек. Поштаның индексінің өзгергені туралы да осылай хабарлау керек.