Қызметті жетілдіру мектебі қызмет етуге есікті айқара ашады
1 Еремия пайғамбар арқылы Ехоба алдын ала былай деген: “Оларды [халқымды] бағатын бағушыларды қоямын; енді олар қорықпайтын да, үрікпейтін де, жоғалмайтын да болады” (Ер. 23:4). Бүгінгі күні мұндай бақташылық қызмет барлық ұлттан тұратын халықтың арасында іске асырылуда, әрі бұл жұмысты ондаған мың қауым ақсақалдары атқаруда. Оның үстіне, шық іспетті көптеген жас жігіттер өздерін дайындықпен Ехобаға қызмет етуге ұсынуда (Заб. 109:3, сілт.). Осындай кішіпейіл бауырластар Құдай халқының қауымдары үшін қандай керемет бата десеңші! Рухани науқан жалғасып жатқандықтан, бауырластарға қызмет ету үшін өздерін ұсына алатын қабілетті ер кісілер әлі де керек.
2 Қызметті жетілдіру мектебі салт басты қызмет көмекшілері мен ақсақалдарға көбірек жауапкершіліктерді қолға алуға дайын болу үшін керемет құрал болып табылады. 1987 жылы мектеп ашылғаннан бері, 999 класта шамамен 140 елден келген 22 000-нан аса бауырлас осындай дайындықтан өтті. Олар үшін мектеп ‘өнімді еңбек етуге есікті айқара ашты’ (1 Қор. 16:9).
3 Мектептің мақсаты. Қызметті жетілдіру мектебінің мақсаты — қабілетті ер кісілерді ұйымның қажеттілік бар жерлерінде әр түрлі жауапкершіліктерді қолға алу үшін даярлау. Мектепте олар уағыздау қызметінде басшылықты қолға алуды, бақташылық қызмет пен қауымда тәлім беру ісін жақсырақ атқаруды үйренеді. Мектеп бітірген соң кейбір бауырластарды өз елдеріне немесе шетелге арнайы ізашар не аудандық бақылаушы ретінде тағайындайды. Басқалары өз қауымдарына немесе жергілікті филиалдың аумағына қарайтын қажеттілігі бар жерде қызмет етуге тағайындалады.
4 Сегіз апталық оқу барысында студенттер Киелі кітапты терең зерттейді. Олар көптеген Киелі кітаптың ілімдерін, сондай-ақ бақташылық міндеттер мен мәсіхшілердің өміріндегі қиыншылықтарды шешуге қатысты принциптерді мұқият қарастырады. Сонымен қатар қауымның басқару істері, құқық және ұйымдастыру мәселелері жайлы Жазбалардың не үйрететінін біледі. Студенттер көпшіліктің алдына шығып сөйлеуге қатысты арнайы дайындық алып, тезірек рухани өсулері үшін әрбіріне жеке көмек беріледі.
5 Мектептің талаптары. Мектепте оқығысы келетіндерге жоғары талаптар қойылатыны түсінікті-ақ. Өтініш бергендер кем дегенде екі жыл үзбей ақсақал не қызмет көмекшісі ретінде қызмет етіп келе жатқан болу керек. Салт басты, жасы 23 пен 50 аралығында болуға тиіс. Өтініш бергендер мектеп жүргізілетін тілде еркін оқи, жаза және сөйлей білуге тиіс. Арнайы күтім мен тағамды талап етпейтіндей, денсаулықтары жақсы болу керек. Әдетте жалпы ізашар ретінде қызмет ететіндер бірінші кезекте шақырылады.
6 Өтініш білдіргендер қажеттілік бар жерде қызмет етуге дайын, әрі қызмет ете алатындай болуға тиіс. Бұл ерекше істі орындауға өзін дайындықпен ұсынып: ‘Мен бармын, Ием. Мені жібер’,— деген Ишая пайғамбардың көзқарасын танытуды талап етеді (Иш. 6:8). Ишая өмір бойы кішіпейілділік танытқан. Қызметті жетілдіру мектебінде оқығысы келетіндерді бұған жоғары дәрежеге не мансапқорлыққа ие болу емес, бауырластарға деген сүйіспеншілік пен оларға қызмет етуге деген ниеттері талпындыру керек. Керемет тәлім алған соң, мектеп бітірушілер білгендерін басқалардың игіліктері үшін қолданады деп күтіледі (Лұқ. 12:48).
7 Беретін пайдасы. Сегіз апталық қызу оқу барысында мектеп бітірушілер ‘сенім туралы сөздерден, ұстанған игілікті ілімнен нәр алады’ (1 Тім. 4:6). Бұл оларды тағайындалған қауымдары мен аудандарындағы бауырластарға көмек беруге және жігерлендіруге даярлайды. Мектеп бітірушілер тағайындалған жерлердің көбісінде уағыздау ісі етек жайып, ізашарлардың саны — әсіресе, жастар арасында — көбейіп, Құдай халқына жаңадан қосылғандарға көбірек көңіл бөліне бастады.
8 Сен 23 пен 50 жас аралығындағы салт басты қызмет көмекшісі не ақсақалсың ба? Онда Қызметті жетілдіру мектебіне өтініш беру туралы неге ойланып көрмеске? Ехобаға қызмет етуге қатысты болашақ мақсаттар жайлы ойланып жүрген жас бауырлассың ба? Олай болса, ‘еңбек етуге есік айқара ашылу’ үшін өміріңді неге қарапайым етіп және кедергі болатынның барлығынан арылмасқа? Бұл сені зор қуаныш пен қанағат сезіміне бөлейді. Расында да, Қызметті жетілдіру мектебі тек мектеп бітірушілерге емес, бүкіл дүние жүзіндегі Құдай халқының қауымдары үшін де үлкен бата болып табылады.
[3-беттегі қоршау]
Мектептің берген пайдасы
“Мектепте Жазбаларды даналықпен қолдана білуді үйрендім, ал бұл қызметім мен бақташылық міндетімді жақсырақ атқаруыма көмектесті”.
“Мектеп қауымдағы әр түрлі жауапкершіліктерді атқаруда өзімді бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда сенімді сезінуіме жәрдемдесті”.
“Мектеп өмірімнің барлық дерлік саласын, оның ішінде теократия мен Құдайдың ұйымына деген көзқарасымды өзгертті”.
“Мектеп мені қажеттілік бар жерде қызмет етуге дайындық рухын танытуға үйретті”.