Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 8.03. 1-б.
  • Жан сергітерлік іс

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жан сергітерлік іс
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Қамытымды қатар киісіңдер’
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • “Маған келіңдер, мен жандарыңды сергітемін”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Иса жанды сергітеді
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2018)
  • Өмірдің ауыртпалығын жеңілдетуге арналған тиімді басшылық
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 8.03. 1-б.

Жан сергітерлік іс

1 Құдайдың хабары оны қабыл алып, өз өмірлерінде қолданған әркімнің жанын сергітеді (Заб. 18:8, 9). Бұл оларға жалған ілімдер мен зиянды әдеттерден арылуға көмектесіп, келешекке деген берік үміт береді. Алайда ізгі хабарды қабыл алғандар ғана оның пайдасын көрмейді. Киелі кітаптағы жан сергітерлік шындықты өзгелермен бөліскендер де өз жандарына рақат табады (Нақ. с. 11:25).

2 Қызметтен күш-жігер алу. Иса өзінің шәкірті болудың бейнелі қамытын қабыл алғандардың, бұған уағыздау мен шәкірттер дайындау ісі де кіреді, ‘жандары сергитінін’ айтқан (Мат. 11:29, ЖД). Оның өзі де өзгелерге уағыздаудан күш-жігер алған. Уағыздау ісі оған тамақ іспетті болған (Жох. 4:34). Ол 70 шәкіртін уағыздауға жібергенде, олар да Ехобаның қолдауын көріп, қатты қуанған (Лұқ. 10:17).

3 Бүгінгі күні де көптеген мәсіхшілер уағыздау ісіне қатысудан күш-жігер алуда. Бір әйел бауырласымыз былай дейді: “Қызмет жанымды сергітеді, өйткені өміріме бағыт беріп, мақсат пайда болады. Қызметте жүргенде жеке басымның проблемалары мен күнделікті стресс азая түседі”. Ал құлшыныспен қызмет ететін өзге әйел бауырласымыз болса: “Қызмет... Ехобаның расында да бар тұлға екенін әр күні есіме салып отырады, сондай-ақ маған тыныштық және басқа ешбір жолмен таба алмайтын бақыт сыйлайды”,— дейді. ‘Құдаймен бірге еңбектенуші’ болғанымыз біз үшін қандай мәртебе! (1 Қор. 3:9).

4 Мәсіхтің қамыты ыңғайлы. Иса мәсіхшілерді ‘барынша тырмысуға’ шақырғанда, олардың шамалары жетпейтін нәрсені талап етпейді (Лұқ. 13:24). Шын мәнісінде, ол бізді “қамытын өзімен бірге киюге” шақырып отыр (Мат. 11:29, ЖД, сілтемені қара). Әр түрлі қиын жағдайлармен күресіп жүргендердің шын жүректен атқарып жүрген қызметтері, мейлі ол шектеулі болса да, Ехобаға ұнамды екеніне сенімді болуларына болады (Мар. 14:6—8; Қол. 3:23).

5 Өз есімі үшін не істесек те, соны жоғары бағалайтын Құдайға қызмет ету қалай жаныңды сергітеді десеңші! (Ев. 6:10). Қолымыздан келгеннің ең жақсысын Құдайға арнауға әрдайым күш салайық!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу