Құдай Сөзі — ақиқат
1. Киелі кітапта қандай маңызды мәлімет бар?
1 Забур жыршысы: “Түп-тамырымен ақиқат Сенің сөздерің”,— деп жазған (Заб. 118:160). Ехоба киелі рухының жетелеуімен жазылған Сөзі арқылы өмірлік маңызы бар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар береді. Ол тар жол, тайғақ кешіп жүргендерге жұбаныш пен үміт ұсынады. Сонымен қатар ол Өзіне қалай жақындауымызға болатынын көрсетеді. “Киелі кітаптағы шындықты білу қараңғы қапастан шығып, таза, жарық әрі жанға жағымды бөлмеге кіргенге ұқсайды”,— деді ризашылыққа толы бір әйел. Құдай Сөзіндегі осындай шындықты өзгелермен бөлісу үшін әрбір мүмкіндікті пайдалануға тырысып жүрсің бе?
2. Қалай Киелі кітап адамдардың өмірін өзгертеді?
2 Түбегейлі өзгертетін күші және дүние жүзіндегі түрлі адамдарды баурайтын әсері. Киелі кітаптағы шындықтың жүрекке жетіп, адамдардың өмірін өзгертетін күші бар (Ев. 4:12). Роза деген бойжеткен жезөкшелікпен айналысатын, оның ішімдік пен есірткіге деген құмарлығы да жоқ емес-тін. “Бір күні мен өмірден қатты түңіліп отыр едім,— деп әңгімеледі ол,— бір ерлі-зайыпты Куәгерлер келіп, Киелі кітаптың қалай қиыншылықтарды шешуге көмектесетіні туралы айтып берді. Мен Құдай Сөзін зерттеуді бастап, оның керемет екенін көрдім. Бір ай өтпей жатып-ақ өмірімді өнегелі, таза етуге күш таптым. Қазір енді өмірде мақсатым бар, ішімдік пен есірткіні мүлдем қажет етпеймін де. Мен бар көңіліммен Ехобаның досы болуды қалап, оның талаптарына сай өмір сүруге белімді бекем будым. Құдай Сөзінің даналығы болмағанда, осы күнге дейін өміріммен қоштасарым сөзсіз еді” (Заб. 118:92).
3. Неге Киелі кітаптағы хабарды кездестірген адамдардың бәріне жеткізуіміз керек?
3 Бүгіндегі көптеген кітаптардай емес, Киелі кітап ‘әрбір ұлттан, халықтан, тілден шыққан’ адамдарды баурайды (Аян 7:9). Құдайдың еркі — ‘барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуы’ (1 Тім. 2:4). Сондықтан біз ешқашан адамның өмір салтына қарап, ізгі хабарды қабылдамайды деген тұжырым жасамауымыз керек. Оның орнына, Киелі кітаптағы мәліметті қолданып, мүмкін болған жағдайдың бәрінде адамдардың барлығына Патшалық туралы хабарды уағыздауымыз керек.
4. Куәлік еткенде Киелі кітапты қалай қолдануға болады?
4 Жазбалардың әсері. Қызметте Киелі кітапты қолданудың көптеген мүмкіндіктері бар. Журнал ұсынғанда ұсыну үлгісінде көрсетілген тармақты оқып беруге тырыс. Кейбіреулер үстіміздегі айда таратылуға арналған әдебиетті ұсынғанда, мұқият таңдалып алынған тармақты оқып беру тәсілінің тиімді екенін байқаған. Қайта оралып барған сайын бір не бірнеше Жазба орнын оқып беру үй иесінің тура білім алуда алға баса беруіне көмектеседі. Ал Киелі кітапты зерттеу барысында, басты-басты Жазба орындарын талқыла. Киелі кітапты ресми қызметке шығып қолдануға мүмкіндігің болмаса, оны өзіңмен алып жүріп, бейресми қызмет етуге мүмкіндік туғанда қолдан (2 Тім. 2:15).
5. Неге қызметімізде Киелі кітапты қолдануға күш салуымыз керек?
5 Қызметімізде ыңғайы келген мүмкіндіктің бәрін қолданып, Киелі кітапты оқу арқылы өзгелердің Құдай Сөзіндегі шындықтың әсерлі күшінің пайдасын көрулеріне көмектесе берелік (1 Сал. 2:13).