Сауалдар жәшігі
◼ Телефон арқылы куәлік бергенде, садақа жөнінде түсіндіруіміз керек пе?
Адамға жүзбе-жүз кездесіп уағыз айтқанда, Ехоба Куәгерлерінің дүние жүзі бойынша жүргізіп жатқан ағарту ісі ерікті садақаның арқасында қаржыландырылатынын әрі оны қуана қабылдайтынымызды түсіндіруге болады. Алайда телефон арқылы куәлік еткенде, адамдарда қайыр-садақа жинау үшін телефон соғып тұр деген жаңсақ пікір тууы мүмкін болғандықтан, садақа жөнінде сөз қозғамаған дұрыс. Ехоба Куәгерлерінің қызметінің коммерциямен ешқандай қатысы жоқ (2 Қор. 2:17).
◼ Телефонмен куәлік еткенде, әлдекім Ехоба Куәгерлерінің енді қайтып мазаламауын өтінсе не істеу керек?
Адамның өтінішін ескеру керек. Ондай кісінің аты-жөнін және қашан өтініш еткенін жазып, кейінгі жариялаушылар сол нөмірге телефон шалып жүрмес үшін, учаске туралы мәлімет жазылған хатқалтаға салып қойған дұрыс. Өтініш жасаған кісілердің тізімі жылына бір рет қайта қарастырылады. Сосын қызмет бақылаушысының нұсқауымен ілтипатты әрі тәжірибелі жариялаушылар ойларының өзгерген-өзгермегенін білу үшін олармен байланысады. (“Біздің Патшалық қызметіміздің” 1994 жылғы шілде айындағы санындағы “Сауалдар жәшігін” қараңдар, ор.).