Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 2.03. 3—4 бет.
  • Уағыз айтып, түбегейлі куәлік беріңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Уағыз айтып, түбегейлі куәлік беріңдер
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялаңдар
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Жаңа қызмет жылында талпынуға тұрарлық мақсат
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
  • Ал сен қосалқы ізашар болып қызмет еткің келе ме?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Қазірден бастап көбірек қызмет етуді жоспарла
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2012
Көбірек мәлімет
Біздің патшалық қызметіміз. 2003
km 2.03. 3—4 бет.

Уағыз айтып, түбегейлі куәлік беріңдер

1 “Көсем әрі билеуші” ретінде Иса шәкірттерін алдағы кең көлемді уағыздау ісіне дайындады (Иш. 55:4; Лұқ. 10:1—12; Ел. іс. 1:8). Елші Петір Исаның тапсырмасын былай деп суреттеді: “Ол бізге адамдарға айтып, Құдайдың тірілер мен өлілерді соттауға тағайындаған Кісісінің Өзі екенін жариялап, куәлік [“түбегейлі куәлік”, ЖД] келтіруге әмір етті” (Ел. іс. 10:42). Қалай түбегейлі куәлік келтіруге болады?

2 Біз елші Пауылдың мысалынан көп нәрсеге үйрене аламыз. Ефестегі қауымның ақсақалдарымен кездескен кезінде ол былай деді: “Ел алдында және жеке үйлерде уағыз айтып, тәлім беріп жүргенде сендерге пайда болатын еш нәрсені қалдырмай, бәрін түгел айттым. Яһудилер мен гректерге күнәларына өкініп, Құдайға бет бұрып, Иеміз Исаға сену жайында түбегейлі куәлік бердім”. Қарсылықтарға кезіккеніне қарамастан, Пауыл ізгі хабарды мүмкіндігінше көп адамға жеткізуге тырысты. Ол тыңдаушыларымен тек негізгі шындықтармен бөлісуді қанағат етіп қана қойған жоқ, ‘Құдайдың еркін түгел жариялауға’ тырысты. Бұған қол жеткізу үшін ол бар күшін салуға және өз мүддесін құрбан етуге дайын болды. Әрі қарай ол былай деді: “өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолымен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды [“түбегейлі”, ЖД] уағыздап жеткізсем болғаны” (Ел. іс. 20:20, 21, ЖД; 24, 27).

3 Біз қалай Пауылдың үлгісіне еліктей аламыз? (1 Қор. 11:1). Тіпті қиын жағдайда болсақ та, лайық адамдарды іздеу, барлық ұлт адамдарына ізгі хабарды жеткізуге тырысу және бар ынтамызбен адамдардың қызығушылығын әрі қарай дамыту арқылы (Мат. 10:12, 13). Бұл үшін уақыт, күш-қуат жұмсап, адамдарға деген сүйіспеншілік танытуымыз қажет.

4 Қосалқы ізашар бола аласыңдар ма? Наурыз және сәуір айлары — қосалқы ізашар ретінде түбегейлі куәлік берудің керемет мүмкіндігі. Өткен жылы соншама көп жариялаушылардың қосалқы ізашар ретінде қызмет атқару үшін ерекше күш жұмсағанын көріп, қалай жігерленіп қалдық десеңші!

5 Денсаулығы нашар 80 жастағы әйел бауырласымызға Ехобаның ұйымының жігерлендіруі қатты әсер етеді. Ол былай деп жазды: “Қатты әсер алып, ерекше бір талпыныс сезіндім де, кем дегенде бір ай қосалқы ізашар болуым керек деген ойға келдім”. Сөйтіп ол наурыз айында қосалқы ізашар болуды алдына мақсат етіп қояды. “Ең алдымен отырып, мүмкіндігімді ой елегінен өткіздім,— дейді ол,— сонан соң қызыммен кеңестім, өйткені мен оның көмегіне мұқтаж едім. Ол да қосалқы ізашар болуды шешіп, мені таңғалдырды”. Сол айда бұл қарт бауырласымыз қызметке 52 сағат жұмсады. Әрі қарай ол былай дейді: “Көп мәрте әлсіреп қалған кезімде, Ехобадан күш беруін өтініп, дұға еттім. Айдың аяғында мен қуаныш және қанағат сезіміне бөлендім. Сондай-ақ көмектескені үшін көп рет Ехобаға ризашылығымды білдірдім. Мен қосалқы ізашар болып қызмет етуге тағы да тырысып көремін”. Осы бауырласымыздың қуанышы өзге де денсаулығының нашарлығына қарамастан қосалқы ізашар ретінде қызмет етуді қатты қалап жүргендерді жігерлендіргей.

6 Күтпеген жерден жұмысынан айырылып қалған ер бауырласымыз мүмкіндікті пайдаланып, қосалқы ізашар ретінде қызмет атқарады. Сол айда ол ерекше құлшыныс сезінеді және айдың аяғында жаңадан Киелі кітапты зерттеу сабағын бастайды. Ол: “Сол ай керемет өтті!” деп есіне алады. Ол Ехобаның басшылығы мен көмегін сезінгеніне қандай қуанышты болды десеңші! Қызметке деген ерекше ықыласы үшін, Ехоба оған батасын молынан төкті және сендерге де төгеді (Малх. 3:10).

7 Көп бауырластарымыз үшін қосалқы ізашар болу оңай емес. Сөйткенмен де, осы дүниелік және отбасылық міндеттеріне, сондай-ақ жеке қиындықтарына қарамастан, көптеген бауырластарымыз қосалқы ізашар қызметін атқаруда. Түбегейлі куәлік ету үшін жиі қымбат уақытымыз бен күш-қуатымызды құрбан етуге тура келеді, алайда соның арқасында мол баталарға ие боламыз (Нақ. с. 10:22).

8 Наурыз және сәуір айлары — қосалқы ізашар болуға керемет уақыт. Наурыз айында бес апта бар. Осыны дұрыс қолданған және кешкі уақытта уағыз айтқан толық уақыт жұмыс істейтін бауырластарымыз да қосалқы ізашар болуына болады. Кейбір мектептен демалысқа шыққан және жұмыстан демалыс алған бауырластар да қызметке 50 сағат жұмсай алады. Наурыз және сәуір айларында 50 сағат уақыт қызмет етуді жоспарлау үшін, осы мақаланың соңындағы қосалқы ізашарларға арналған кестелердің бірін қолдана алар ма едіңдер? Жоспарларыңды өзгелермен бөліссеңдер, кейбіреулері сендермен бірге қызмет етуге жігерленетін болады. Егер өздерің қосалқы ізашар бола алмасаңдар, бола алғандармен бірге қызметке шығуды мақсат етіңдер. Наурыз және сәуір айларында қызметке көбірек қатысу үшін қазірден жоспар құрыңдар.

9 Еске алу кеші үшін ризашылықтарыңды білдіріңдер: Жыл сайын Еске алу кеші өтер алдында және өткен соң, азаттық төлемі үшін ризашылық сезінген мыңдаған бауырластар қосалқы ізашар болу үшін ‘қолайлы уақытты босатады’ (Ефес. 5:15, 16, ЖД). Өткен жылы Қазақстан бойынша наурыз айында 1 691, сәуір айында 935 бауырласымыз қосалқы ізашар болды. Орта есеппен алғанда 1313 болады. Мұны сол қызмет жылының ішінде Еске алу кешіне дейін қосалқы ізашар болып қызмет еткен, орта есеппен алғандағы 397 адаммен салыстырып көрелік. Биылғы Еске алу кеші қарсаңындағы және одан кейінгі уақыт — қызметке көбірек уақыт бөлу арқылы Мәсіхтің азаттық құрбандығына деген шын жүректен шыққан ризашылығымызды көрсетудің тағы бір керемет мүмкіншілігі.

10 16 сәуір жақындап қалды, сондықтан Еске алу кеші сендер үшін нені білдіретіні жөнінде ой жүгіртіңдер. Мәсіх өлер алдындағы оқиғалар мен оны не нәрсе толғантқаны жөнінде ойланыңдар. Сондай-ақ Исаның алдында күтіп тұрған қуаныш пен оның осындай нәрселерге төзуіне қалай көмектескені жайында ой жүгіртіңдер. Қауымның Басы және уағыздау мен шәкірттер дайындау ісін бақылаушы ретіндегі қазіргі жағдайы жөнінде де ой жүгіртіңдер (1 Қор. 11:3; Ев. 12:2; Аян 14:14—16). Сонан соң уағыздау ісіне мүмкіндігінше көп уақыт бөліп, Мәсіхтің барлық істегендері үшін ризашылықтарыңды көрсетіңдер.

11 Өзгелерді түбегейлі куәлік етуге жігерлендіріңдер: Өздері де қосалқы ізашар ретінде қызмет атқаратын ақсақалдар мен қызмет көмекшілерінің өзгелерді жігерлендіруге керемет мүмкіндіктері бар. Жариялушылармен бірге қызметке шыққанда және бақташылық сапар жасағанда, олардың өзгелерге осы уақыт аралығында қызметке толық қатысулары үшін көмек көрсетуге жақсы мүмкіндіктері болады. Барлығымыз да осы айларда жасалатын арнайы шаралар жөнінде әрдайым дұға етіп, түбегейлі куәлік беру үшін бірігіп әрекет етуге өз тарапымыздан бар күшімізді салайық.

12 Барлық ақсақалдар мен қызмет көмекшілері наурыз және сәуір айларында уағыздау ісіндегі белсенділікті арттыра түсуге қатысты қауымның шараларын қолдаса, қызмет бақылаушысы уағыздау ісіне басшылық етуі керек. Ол уағыздау қызметіне арналған кездесулер өтетін орынның және уақыттың бауырластардың көпшілігіне ыңғайлы болуын және оның әрдайым хабарланып тұруын қамтамасыз ету керек. Қауымдағылардың барлығы куәлік етудің әр түріне қатыса алуы үшін, кездесуді бір күнде әр түрлі уақытта ұйымдастыруға болады. Іскерлер ауданында, көшеде, үйме-үй, қайта бару және телефон арқылы куәлік етуге болады. Сонымен қатар ол сол айлардың ішінде әдебиеттердің, журналдардың және учаскелердің жеткілікті болуын қамтамасыз етуі керек.

13 Наурыз айында Киелі кітапты зерттеу сабағын бастау мақсатымен “Білім” кітабын ұсынамыз. “Білім” кітабын ұсынуға байланысты керемет кеңестерді “Біздің Патшалық қызметіміздің” 2002 жылғы қаңтар айындағы нөмірінің қосымшасынан (ор.) табуға болады. Сәуір айында “Күзет мұнарасы” журналын ұсынатын боламыз. “Журналды ұсыну жолы” айдарындағы ұсыныстарды қолдануға тырысыңдар. Түбегейлі куәлік ету үшін барлығымыз да жақсы дайындалуға уақыт бөлуіміз қажет.

14 Қауымның Басы Иса Мәсіхтің басшылығымен әрекет етіп, өзгелерге ізгі хабарды жеткізу құрметіне ие болғанымызға қандай қуаныштымыз! Наурыз және сәуір айлары жақындап қалды. Осы айларды Мәсіхтің уағыз айтып, түбегейлі куәлік етуге байланысты бұйрығын орындаудағы жемісті айлар етуге тағы да күш салайық.

[4-беттегі қоршау]

2003 жылдың наурыз және сәуір айларында қосалқы ізашар ретінде қызмет етуге арналған әр түрлі кестелер

Күн Сағаттар

Дүйсенбі 1 2 — — 2 —

Сейсенбі 1 — 3 — — —

Сәрсенбі 1 2 — 5 — —

Бейсенбі 1 — 3 — — —

Жұма 1 2 — — — —

Сенбі 5 4 3 5 6 7

Жексенбі 2 2 3 2 2 3

Наурыз 56 56 54 55 50 50

Сәуір 50 50 51 53 — —

Осы кестелердің ішінде сендерге ыңғайлысы бар ма?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу