Сауалдар жәшігі
◼ Бетел үйлері мен филиалдарға барғанда киіміміз бен сыртқы көрінісіміз қандай болу керек?
Филиалмен танысу немесе Бетел отбасының мүшелерінің бірімен кездесу мақсатымен болсын, Бетелге келген кезімізде “киіміміз, сыртқы көрінісіміз бен жүріс-тұрысымыз ғибадат ету үшін Патшалық Сарайға келген кезде қандай болуы керек болса, сондай болуы керек” (om 131, ор.). Алайда кейбір бауырластарымыздың филиалдарға басқа жағдайда киінетін киіммен келетіні байқалған. Мұндай киім Бетел үйіне баруға лайық емес. Біздің сыртқы көрінісіміз Ехоба Құдайдың қызметшілеріне лайық әдептілік пен адамгершілік қасиетті паш ететіндей үлгілі және қарапайым да сыпайы болуы керек (1 Тім. 2:9, 10).
Бұл — әсіресе Бетел үйлері мен филиалдарға барғанда маңызды, өйткені ол уақытта айналадағы Куәгер емес адамдардың да назарынан тыс қалмаймыз. Олар көрген нәрселерінен Құдайдың халқы мен ұйымы жөнінде пікір түйеді. Бетелге барғысы келген, Киелі кітапты зерттеп жүрген адамдар мен өзгелерге де лайықты киім мен сыртқы көрініс жайында ескертіп қойғанымыз жақсы болады. Сендердің олай еткендеріңе Бетел отбасы риза болады.
Мәсіхші қызметшілер ретінде сыртқы көрінісіміздің ешкімнің ізгі хабарды қабылдауына кедергі болмауы үшін абай болуымыз керек (2 Қор. 6:3, 4). Қайта үлгілі сырт көрінісіміз арқылы ‘Құтқарушымыз Құдайдың ілімін көркейткейміз!’ (Тит. 2:10).