Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 2.04. 1—6 бет.
  • “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын талқылау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын талқылау
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Ұқсас мәлімет
  • “Бүгінде Ехобаның еркін кім орындауда?”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 2.04. 1—6 бет.

“Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын талқылау

1 “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабын 15 наурыздан басталатын аптадан бастап қауымның кітап оқу кездесуінде талқылаймыз. Иса Мәсіхтің өмірі мен қызметін қарастыру қандай қуанышты десеңші! Бұның алдында талқылаған кітаптарға қарағанда, бұл кітап өзгешелеу құрастырылғандықтан, төмендегі нұсқауларды қарастырғанымыз көмек болады.

2 Кітаптың беттері нөмірленбеген, сондықтан “Біздің Патшалық қызметіміздің” осы санындағы кестеге сай әр аптада үш немесе төрт тарау талқыланатын болады. 35-ші, 111-ші және 116-тараулар ұзағырақ болғандықтан, әрқайсысы екіге бөлініп талқыланады. Қабілетті бауырлас бүкіл тарауды (немесе 35-ші, 111-ші және 116-тараулардағы бүкіл тақырыпшаны) оқығаннан кейін, кітап оқу тобының бақылаушысы сол оқылған тарауға немесе тарау бөлігіне арналған соңындағы сұрақтарды қояды. Тараудағы жауаптар ретімен келе бермейді. Қысқа да нұсқа түсініктемелер сабақтағы мәліметке сәйкес болу керек.

3 Содан кейін уақыт болса, тараудың соңында келтірілген барлық Жазба орындарын оқып шығу керек. Талқылауға әр түрлі жариялаушылар қатыса алу үшін ұзынырақ Жазба орындарын бөліп оқып, сосын түсініктеме берулеріне болады. Бақылаушының дайындаған нақты сұрақтары оқылған Жазба орындарының кітаптағы мәліметке қандай қатысы бар екенін көрсететін мағыналы түсініктемелер берілуіне көмектеседі. Барлық сұрақтар мен түсініктемелер кездесуге келгендердің Иса Мәсіхке, оның өмір жолы мен тәлімдеріне баса назар аударуларына көмектесу керек.

4 “Ең ұлы адам” кітабында Исаның өмірі хронологиялық тәртіппен баяндалады. Егер оқиғаларды көз алдымызға елестетіп, олардың қай жерде болғанына көңіл бөлсек, бұл оқиғаларды барынша есімізде сақтауға көмектеседі. Сондықтан міндетті түрде әсерлі суреттерді қарастыр, сондай-ақ кітаптың кіріспесінен кейінгі картаға жиі көңіл аударып отыр.

5 Бірінші аптада кіріспе қарастырылады. Тақырыпшаның барлық абзацтары оқылып болған соң, бақылаушы осы абзацтарға даярлаған сұрақтарын қояды. Бұл алғашқы талқылау келесі жыл бойы өтетін талқылауларға негіз болып табылады. Мәліметтің жақсы өтуі көбінесе қатысушылардың дайындығына байланысты болады. Топтағы бауырластарға тарихтағы ең ұлы адаммен — Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхпен — жақынырақ танысу үшін, әсіресе, бақылаушыға әр апта сайын жақсылап дайындалу керек.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу