Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.04. 7-б.
  • Сауалдар жәшігі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сауалдар жәшігі
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
  • Ұқсас мәлімет
  • “Даналық өзінен туған істермен ақталады”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 12.04. 7-б.

Сауалдар жәшігі

● Көпшілікке жария етіп, Патшалық ісіне тағылып жатқан айыпты қалай қабылдауымыз керек?

Арагідік жолдан таюшылар мен өзге де Патшалық туралы хабарға қарсы болушылар теледидар мен радио бағдарламалары немесе газет-журналдар арқылы Ехоба халқының тәлімдері мен істеріне жұртшылыққа жайып айып тағып жатады. Мұндайда, әдетте, ең дұрысы — қастықпен айтылған мұндай сөздерді елемеу. Бұл жерде ‘Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмаған, азап шеккен кезде де, оларды қорқытпаған, қайта, ісін әділ Соттаушыға тапсырған’ Исаның керемет үлгісін есте ұстаған жөн (1 Пет. 2:23).

Кейбіреулер тағылып жатқан айыпқа ақпарат құралдарымен хабарласып, редакцияға хат жазып немесе тағы басқалай жауап қатуымыз керек деп ойлаулары мүмкін. Алайда мұндай әрекет тек қана қарсыластардың таққан айыбы мен жалған ілімдерін әрі қарай жария ету болып шығады. Ехоба Куәгерлері қоғамның басым көпшілігіне жақсы танымал әрі көп адамдар қызметіміз бен тарататын керемет әдебиеттерімізді бағалайды. Әдетте, қаралаған сөздерден кейін тууы мүмкін ілімдеріміз бен ұйымымыз жайлы кез келген сұрақтарға үйме-үй жүріп уағыздағанда жауап беруге болады. Осылайша ниеті түзу адамдар сұрақтарына жауап алып, ал біз қарсыластарымыздың сөздерін қосымша жариялап жатпаймыз. Әлдеқайда маңыздысы — Патшалық туралы ізгі хабар әрі қарай да мүмкіндігінше алаңсыз уағыздалып, Иса тапсырған шәкірттер дайындау ісі алға баса береді (Мат. 28:19, 20).

Ал егер жергілікті ақсақалдар Ехобаның есімі мен халқын қорғау үшін тағылған кейбір айыптарды жауапсыз қалдыруға болмайды деп есептесе, онда ең алдымен Қоғамның филиалымен байланысып, сол мәселе жайлы барлық деректерді келтіріп және қорғану үшін жасағысы келген кез келген әрекеттері жөнінде толық жазып жібергендері абзал. Сонда филиал мәселені қарастырып, орынды ұсыныстар айтуы мүмкін.

Осы тақырыпқа қатысты қосымша мәліметтерді 1998 жылғы 1 желтоқсандағы “Күзет мұнарасының” (ор.) “Сенімімізді қорғаймыз” мақаласынан, 1995 жылғы 1 сәуірдегі “Күзет мұнарасының” (ор.) “Көпшілікке жария етіп қорлағанға мәсіхшілер қалай қараулары керек?” деген мақаласы мен 2000 жылдың 22 маусымындағы “Ояныңдар!” (ор.) журналындағы “Мәліметтерді теріс қолдану” мақаласынан қарауға болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу