Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • km 12.04. 7-б.
  • Хабарландырулар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Хабарландырулар
  • Біздің патшалық қызметіміз. 2004
Біздің патшалық қызметіміз. 2004
km 12.04. 7-б.

Хабарландырулар

◼ Ұсынылатын әдебиеттер: желтоқсанда “Тарихтағы ең ұлы адам” кітабы. “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” кітабын да ұсынуға болады. Қаңтар мен ақпанда қауымда бар 192 беттік кез келген кітаптар, ал наурыз айында “Сергек болыңдар!” брошюрасы. Шынайы қызығушылық білдіргендерге “Мәңгілік өмірге алып баратын білім” кітабын ұсынып, Киелі кітапты зерттеу сабағын бастауға күш салыну керек.

◼ Әр қауымға өзінің негізгі тіліндегі 2005 жылғы “Еске алу кешінің” шақыру қағаздары жақында жіберіледі. Егерде сендердің аумақтарыңда өзге де тілде сөйлейтіндер болса, сондай-ақ сол тілдерде шақыру қағазын алуды қаласаңдар, мүмкіндігінше ертерек “Әдебиетке тапсырыс беру бланкісі” (S-14) арқылы тапсырыс берілу керек. Еске алу кешінің шақыру қағазы қай тілде бар екендігі туралы мәлімет “Барлық қауымға арналған хабарландыру” арқылы жіберіледі. Аумақтарыңа қажетті тілдерге ғана тапсырыс берулеріңді өтінеміз.

◼ 2006 жылғы Еске алу кеші 12 сәуірде, сәрсенбі күні, күн батқан соң болатынына көңіл аударуларыңды өтінеміз. Бұны бір Патшалық Сарайын бірнеше қауым қолданып жүрген болса, яғни өзге орын табу керек болса, бауырластардың жалға лайықты зал алулары үшін алдын ала хабарлап отырмыз. Ақсақалдар жалданған ғимаратта өтетін Еске алу кешінің тыныштықта және ұйымдасқан түрде өтуіне өзге іс-әрекеттер кедергі болмау үшін ғимараттың әкімшілігімен келісулері қажет.

◼ Оқиғаның маңыздылығына байланысты Еске алу кешіне баяндамашыны таңдаған кезде, ақсақалдар кеңесі кезек орнатпай немесе жыл сайын бір бауырласты тағайындамай, қабілетті ақсақалдардың бірін таңдағандары абзал. Егер қабілетті майланған ақсақал болатын болса, соны таңдаулары қажет.

◼ 2004 жылдың 4 шілдесінде Қарағанды қаласында бірінші Патшалық Сарайының бағыштау бағдарламасы болып өткенін хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз. Құрылысқа көп бауырлас қатысқандықтан, бағдарлама екі рет өткізілді. Бірінші кездесуге 141, ал екіншісіне 184 адам қатысты.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу