Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 2 8—9 бет.
  • Некелік жар опасыздық жасағанда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Некелік жар опасыздық жасағанда
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КӨМЕК БОЛАР КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСТЕРІ
  • Жұбаныштың қайнар көзі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • 3. Төзімді болуға көмектеседі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
  • Отбасын уайымдау
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 2 8—9 бет.
Бір әйел дұға етіп жатыр

Некелік жар опасыздық жасағанда

“Күйеуім мені тастап, жас қызға кетемін дегенде, барып өле салғым келді. Мен ол үшін бәріне дайын едім, ештеңемді аяған жоқпын. Ал оның маған не істегенін ойласам, әділетсіздіктен күйініп кетемін” (Мария, Испания).

“Әйелім ойда жоқ жерден мені тастап кеткенде, ішімде бірдеңе өліп қалғандай болды. Бар арманымыздың, жоспарымыздың, үміт еткеніміздің күлі көкке ұшты. Кей кездері уайымнан арылғандай боламын, бірақ көп ұзамай қайғының түпсіз тұңғиығына қайта құлаймын” (Билл, Испания).

ӨМІРЛІК қосағыңның опасыздығы өмірдегі ең ауыр соққы десек, артық айтқандық болмас. Десе де кейбіреулер түзу жолдан тайған, бірақ артынан өкінген жарын кешіріп, өмірдің жаңа парағын бірге бастауды шешіп жатадыa. Алайда некесін сақтауды шешсе де, шешпесе де, жұбайының опасыздығы кінәсіз жақты тыншымайтын жан азабына түсіретіні айтпаса да түсінікті. Аяусыз тырналған жүрек қайдан дауа тапса болады?

КӨМЕК БОЛАР КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСТЕРІ

Ащы өкініш жүректерін тілгілеп жатса да, көптеген кінәсіз жұбайлар Құдай Сөзінен жұбаныш тапқан. Өйткені олар Құдай көз жастарын көріп, бірге қайғырып жатқанын білген (Малахи 2:13—16).

“Сарыуайымға салынғанымда, Сен мені жұбатып, жаныма жай бердің” (Зәбүр 94:19).

“Осы сөздерді оқыған сайын, Ехоба жанашыр әкедей жанымды тыныштандырып жатқанын сезетінмін”,— дейді Билл.

“Сен адал адамға адалдық танытасың” (Зәбүр 18:25).

Күйеуі бірнеше ай бойы көзіне шөп салған Карина былай дейді: “Күйеуім маған адал болмады. Бірақ мен Ехобаның адалдығына еш күмәнданбаймын. Ол ешқашан менің көңілімді қалдырмайды”.

“Еш нәрсені уайымдамаңдар, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып... Құдайға білдіріңдер. Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы жүректерің мен ой-саналарыңды... сақтайды” (Філіпіліктерге 4:6, 7).

“Осы сөздерді мен қайта-қайта оқитынмын. Құдайға көп дұға еткен сайын ол өмірімді тыныштыққа толтыратын”,— дейді Саша.

Осы адамдар кей кездері көңілдері құлазып, өмірлері тоқтап қалғандай күй кешкен. Алайда олар Ехоба Құдайды тірек етіп, оның Сөзінен күш алған. Билл мұны былай жеткізді: “Өмірімнің астан-кестені шығып жатқанда, Құдайға деген сенімім өміріме мән берді. Қара түнек басқан сол бір шақта Құдай қасымнан табылды” (Зәбүр 23:4).

a Кінәлі жақты кешіру-кешірмеуге қатысты бірқатар мақалаларды “Ояныңдар!” (ор.) журналының “Жарыңыз опасыздық жасағанда” атты санынан оқи аласыз (22 сәуір, 1999 жыл, 3—5 беттер, 5—8 беттер, 9—11 беттер).

Қиындықты еңсеру жолдары

Киелі кітапты оқып, ой жүгіртіңіз

Билл былай дейді: “Мен Әйүп кітабын, сосын Зәбүр жырларын оқып шықтым. Тура менің жағдайыма сай келетін үзінділердің астын сызып қойдым. Бір түсінгенім — сол кітаптардағы кейіпкерлердің ішкі күйзелісі мен уайымы дәл менікіндей болған екен”.

Ұнайтын істерден жұбаныш табыңыз

Көңілді жайландыратын музыканың күші зор. Карина былай деп еске алады: “Түнде ұйқым қашқанда, мен музыка тыңдайтынмын. Бұл менің мазасыз жаныма жай беретін”. Кейбіреулер болса сурет салу, суретке түсіру, қолөнермен айналысу сияқты шығармашылық істерден жұбаныш тауып жатады. Осындай істердің емдік қасиеті бар. Олар стресті азайтып, жанды тыныштандырады.

Сезімдеріңізді бүкпеңіз

“Мен негізі іштегіні өзгелерге айта бермейтінмін. Бірақ жақын достарыма қандай күй кешіп жатқанымды күнде айтып тұрдым, хат түрінде де жаздым. Бұл маған қатты көмектесті”,— дейді Даниял. Ал Саша есімді әйел былай дейді: “Отбасымның қолдауы мен үшін таптырмас көмек болды. Анам үнемі жанымнан табылып, сөйлескім келгенде тыңдауға әрдайым дайын тұратын. Әкем де мені жақсы көретінін көрсетіп, сезімдерімнің тұрақталуына көмектесті. Өз-өзіме келу үшін қанша уақыт керек болса, сонша уақыт берді”.

Талмай дұға етіңіз

Карина былай дейді: “Мен қайта-қайта дұға айтумен болдым. Құдай қасымда екенін, мені тыңдап әрі көмектесіп жатқанын сездім. Басыма қара бұлт үйірілген сол шақта мен Құдайға жақындай түстім”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу