Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 2 10—11 бет.
  • Ауыр дерт айтпай келгенде

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ауыр дерт айтпай келгенде
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
  • Үй-ішіндегілердің бірі ауырғанда
    Отбасы бақытының сыры
  • Сіз Ехоба үшін бағалысыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Дұғаның берері бар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Айтып келмеген аурумен күрес
    Сан түрлі тақырыптар
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 2 10—11 бет.

Ауыр дерт айтпай келгенде

“Дәрігер маған өкпем мен тоқ ішегімде қатерлі ісік бар екенін айтқанда, өлімге кесілгендей болдым. Үйге келген соң өзіме “иә, мен былай болады деп күткен жоқпын, бірақ осы жағдаймен күресудің амалын табуым керек” дедім” (Ләззат, 71 жаста).

“Ауырған кезде жанымды көзіме көрсететін дертімнің кесірінен сол жақ бетімнің жүйке жүйесі зақымданған. Кейде ауруымның шыдатпайтыны сонша — күйзеліп кетемін. Талай рет өзімді жападан жалғыз сезініп, тіпті өз-өзіме қол жұмсау туралы ой келетін” (Алма, 49 жаста).

Арбаға таңылған ата жақындарының арасында

ӨЗІҢІЗ не жақын адамыңыз өмірге қауіп төндіретін ауруға шалдыққан болса, бұл қаншалықты уайым тұңғиығына батыратынын сөзсіз түсінетін шығарсыз. Дерттің өзі былай тұрсын, іштегі алай-түлей сезімдер де бар ғой, олармен де арпалысу керек. Қайта-қайта дәрігерлерге бару, дұрыс ем іздеп табу, олардың шығынын жабу, дәрі-дәрмектердің кері әсері тағы бар — осының бәрі үрей мен уайымды одан сайын үдетіп жібереді. Ауыр дертке жан азабы қосылғанда, қиындық көтере алмастай ауыр болуы мүмкін.

Мұндайда көмекті қайдан табуға болады? Көп адам Құдайға дұға етіп, Киелі кітаптың жұбаныш сөздерін оқығанда, жандарына медет тапқан. Отбасы мен достардың сүйіспеншілігі мен қолдауы — көмектің тағы бір көзі.

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

58 жасар Рома былай дейді: “Құдайға сену — аурудың емі. Ол сізге аурудан жеңілмей, табанды болуға көмектеседі. Ехобаға дұға етіңіз. Оған ішкі күйіңізді айтып, шер тарқатыңыз. Киелі рухын сұраңыз. Мықты болып, отбасыңызға жігер болу үшін, сондай-ақ ауруыңызды абыроймен өткеру үшін Құдайдан күш сұраңыз”.

Рома тағы былай деп қосты: “Отбасың көңіліңнің түсуіне жол бермей, қасыңнан табылып, демеу болғанына не жетсін! Маған күніне бірнеше адам хабарласып, хал-жағдайымды сұрап тұрады. Жан-жақтағы жолдастарым жігерімді жалындатады. Олар маған жаңа серпін беріп, әрі қарай да берілмеуге көмектеседі”.

Науқас достарыңызға барғанда, Ләззаттың мына кеңесі сізге көмек болар: “Науқас адамның мүмкіндігінше қалыпты өмір сүргісі келетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан үнемі ауруы жайлы сөйлескісі келмеуі мүмкін. Онымен күнделікті өмірдегі әңгімелерді қозғаған дұрыс”.

Құдайдың беретін күші бар, оның жұбаныш Сөзі бар, отбасыңыз бен достарыңыздың демеуі бар. Сондықтан тіпті ауыр дертпен арпалысып жүрсеңіз де, өмірден түңілудің еш қажеті жоқ!

Көмек болар Киелі кітап кеңестері

Құдайға арқа сүйеңіз

“Мен Ехобаға дұға еттім, ал ол жауап беріп, Бар қорқынышымнан арылтты” (Зәбүр 34:4).

Мақаланың басында сөзі келтірілген Ләззат былай дейді: “Мен ешқашан дұғамда “мені сауықтыршы” деп сұрамаймын. Оның орнына “дертіммен күресуге күш бере гөр” деп дұға етемін”.

Құдай Сөзінен күш алыңыз

“Ешкім: “Мен науқаспын”,— демейтін болады” (Ишая 33:24).

Құдайдың болашаққа қатысты уәделері туралы ой жүгіртіңіз. Бұл үміт отын жандандырып, әрі қарай дертіңізбен күресуге қайрат-жігер береді.

Көмектен бас тартпаңыз

“Нағыз дос әрқашан жақсы көрер, Ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер” (Нақыл сөздер 17:17).

Мақаланың басындағы Алма былай дейді: “Өзгелерден оқшауланбаңыз. Достарыңыздың көмегінен бас тартпаңыз. Кей кездері жалғыздықтан жабығып, тіпті “Құдай мені естімейді” деген ойлар келетін шығар. Бірақ сонда да оқшауланбаңыз”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу