Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 2 3-б.
  • Өмір ауыр жүк артқанда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өмір ауыр жүк артқанда
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Ұқсас мәлімет
  • Өмір төзе алмастай қиын көрінгенде
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
  • Жақын адам өмірден өткенде
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Табиғат тосын мінез танытқанда
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Өмір ӨМІР СҮРУГЕ тұрарлық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 2 3-б.
Жас қыз жұмыста жылап отыр

Өмір ауыр жүк артқанда

ӨМІРІҢ ойдағыдай өтіп жатса, әлем тек бақыттан құралғандай сияқтанады. Алайда аяусыз соққылағанда, қат-қабат қиындықтардың салмағы төзе алмастай ауыр көрінуі мүмкін.

Мысалы, АҚШ-та болған дауылдың кесірінен Саллиa есімді әйел бар дүниесінен айырылды. Ол бойындағы сезімдерін былай сипаттады: “Бұдан артық шыдай алмаспын деп ойладым. Бұл апат төзімімнің тас қамалын құлатты”.

Жақын адамдарымыз көз жұмғанда, өмірдің мәні кетіп, қайғыға төзу мүмкін еместей көрінеді. Австралияның тумасы Дженис есімді әйел мұны өз басынан кешірді. “Екі ұлымнан айырылғанда, шыныдай шытынаған өмірімді қайтадан бөлшектеп жинауға тура келді. Бірақ сол кездері Құдайға “мына қайғыға аналық жүрегім шыдай алмас, көзімді жұмып, мәңгілікке ұйықтап кетейінші” деп жалбарынумен болдым”,— деді ол.

Даниял есімді ер кісі болса тағы бір өмір қиындығының ащы дәмін татты. “Әйелім көзіме шөп салғанда, жүрегіме пышақ қадалғандай болды. Жаныма салынған жара өне бойымды ауыртып, айлар өтсе де еш байыз таппады”,— деп ол есіне алады.

Өмір өкпелеткенде, күдер үзбеуге себептер көп. Бұл журнал өмірдің тауқыметтеріне төзіп, сынбауға күш береді. Осы санда мынадай тақырыптар қозғалады:

  • Табиғат тосын мінез танытқанда

  • Жақын адам өмірден өткенде

  • Некелік жар опасыздық жасағанда

  • Ауыр дерт айтпай келгенде

  • Төзім таусылғанда

Алдымен, табиғат тосын мінез танытқанда, қалай мойымауға болатынын көрейік.

a Журналдағы кейбір есімдер өзгертілген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу