Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp19 № 2 4—5 бет.
  • Табиғат тосын мінез танытқанда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Табиғат тосын мінез танытқанда
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ШЫНДЫҚ ҮМІТ ОТЫН ЖАҒАДЫ
  • Сіз дайынсыз ба?
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Бар уайымыңызды Ехобаға артыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Уайым сізді күйзелтпесін!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Бауырластарыңызға аласапыранда тірек болыңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
wp19 № 2 4—5 бет.
Қираған ғимараттың ортасында отырған екі ер адам

Табиғат тосын мінез танытқанда

“Су тасқыны мен лай көшкіні бар мүлкімізді шайып, ештеңесіз қалғанымызды көргенде, еңсеміз езіліп, тығырыққа тірелдік” (Эндрю, Сьерра-Леоне).

“Сұрапыл дауылдан кейін үйімізге оралсақ, түгіміз қалмапты. Өз көзімізге өзіміз сенбей, үнсіз тұрып қалдық. Қызым тізерлей құлай кетіп, өкіріп жылап жіберді” (Дэвид, Виргин аралдары).

ҚАНДАЙ ДА БІР апаттан жапа шеккен болсаңыз, мынадай сезімдер сізге таныс шығар: есеңгіреп қалу, болған жайтқа сене алмау, абдырап қалу, күйзелу, түнде шошып ояну. Көбісінің шарасыздықтан көңілдері жүдейтіні сонша — өмірге деген құштарлықтары бәсең тартады.

Апат барыңызды жайпап кеткен болса, сіз де бұны еңсере алмаспын деген ойға келген боларсыз. Тіпті өмірден күдер үзуге шақ қалған да шығарсыз. Алайда Киелі кітапта өмірден баз кешудің қажеті жоқ екені әрі алда жарқын болашақ күтіп тұрғаны айтылған. Сондықтан өмірден күдер үзуге асықпаңыз.

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ШЫНДЫҚ ҮМІТ ОТЫН ЖАҒАДЫ

Құдай Сөзінде: “Істің бастамасынан гөрі соңы артық”,— деп жазылған (Уағыздаушы 7:8). Бастапқыда өмір еш мәнсіз көрінуі мүмкін. Бірақ өміріңізді қалпына келтіру үшін күш салып, сәл шыдасаңыз, өмір келе-келе өз арнасына түседі.

Киелі кітапта: “Енді қайтып... қайғырып жылаған не қинала айғайлаған дауыс естілмейді”,— деген уәде жазылған (Ишая 65:19). Бұл уәде Құдай Патшалығы бүкіл жер жүзін жұмаққа айналдырғанда орындалады (Зәбүр 37:11, 29). Сол кезде апаттар өткен күннің елесі болып қалмақ. Жанға бататын естеліктер мен ұзаққа созылған эмоциялық жарақаттар мәңгілікке санамыздан да, жүрегімізден де өшіріледі. Өйткені Құдіреті шексіз Құдайдың: “Бұрынғы жайттар еске алынбайды, Жүрекке қаяу да түсірмейді”,— деген уәдесі жүзеге асады (Ишая 65:17).

Ойлап көріңізші, Жаратушы сізге “жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлап жүр” (Еремия 29:11). Теңіздей тыныш мұндай өмір Құдайдың мінсіз билігінің тұсында болмақ. Киелі кітаптағы осы шындық ары қарай өмір сүруге талпыныс береді емес пе?! Беташар мақалада сөз етілген Салли былай дейді: “Құдай Патшалығының болашақта әкелер бар игіліктерін еске алғанда, бұл өткенді өткеруге, бүгінгіні еңсеруге көмектеседі”.

Құдай Патшалығы адамзат үшін не істейтіні жайында біліп көруге шын жүректен шақырамыз. Сонда апат болмайтын болашаққа деген нық сеніміңіз сізді алға сүйреп, апаттың жаныңызға салған жарасына қарамастан, өмір сүруге құлшынысыңызды жандандырады. Ал сол жарқын болашақ келгенше, Киелі кітаптағы ақыл-кеңестер сізге апаттың жағымсыз салдарымен күресуге күш береді. Солардың кейбірін қарастырайық.

Көмек болар Киелі кітап кеңестері

Жеткілікті ұйықтаңыз

“Тынымсыз еңбектеніп, желдің соңынан қуғанша, азырақ тынығып алған артық” (Уағыздаушы 4:6).

Зерттеушілердің айтуынша, жанға жарақат салған оқиғадан кейін адам жеткілікті мөлшерде ұйықтамаса, оның күйі одан бетер нашарлап, эмоциялық жағынан қатты қажуы мүмкін. Сондықтан жеткілікті уақыт тыныққан дұрыс.

Мұң-шеріңізді айтыңыз

“Сарыуайым жүректі күйзелтеді, Жақсы сөз оны шаттыққа толтырады” (Нақыл сөздер 12:25).

Туысыңызға я адал досыңызға іште жатқан сезіміңізді айтып беріңіз. Олар сізді мұқият тыңдайды, жігерлі сөзбен демеп, қажетті көмек көрсетедіa.

Алдағы жақсы күндерді ойлаңыз

“Біз [Құдайдың] уәдесіне сай, әділдік орнайтын жаңа аспан мен жаңа жерді күтудеміз” (Петірдің 2-хаты 3:13).

a Адам ұзақ уақыт бойы стрестен немесе қатты үрейден арыла алмаса, оған медициналық көмек қажет болуы мүмкін.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу