Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 5 9-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • ”Ешбір жан өлмейді”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
  • Азап шеккендерге жанашырлық
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Иса қызды және саңырау кісіні сауықтырды
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 5 9-б.

Сіз білгенсіз бе?

Иса “күшіктер” туралы мысалды басқа ұлт адамдарын қорлау үшін айтқан ба?

Күшігі бар кішкентай қыз, Грек не Рим мүсіні

Күшігі бар кішкентай қыз, Грек не Рим мүсіні (б. з. б. І ғасыр — б. з. ІІ ғасыр)

Бірде Иса Рим империясының Сирия провинциясында жүргенде, бір грек әйел одан көмек сұрап келеді. Сол кезде Иса оған: “Балалардың нанын алып, күшіктерге тастау дұрыс болмас”,— деп жауап береді. Исаның бұл сөздері яһуди ұлтына жатпайтындарды күшіктерге теңегендей әсер қалдырар. Иттер, Мұса Заңы бойынша, арам жануар болып саналатын (Мұсаның 3-жазбасы 11:27). Сонда Иса әлгі грек әйел мен басқа ұлт адамдарын қорлағысы келді ме?

Әрине, жоқ. Иса өзінің шәкірттеріне түсіндіргендей, ол бірінші кезекте яһудилерге көмектесу үшін келген. Осы себептен де ол: “Балалардың нанын алып, күшіктерге тастау дұрыс болмас”,— деген (Матай 15:21—26; Марқа 7:26). Грек пен Рим халқында ит сүйікті үй жануары болған. Ол үй ішінде балалармен бірге ойнап жүре беретін. Сондықтан күшікпен келтірілген мысал өте жағымды естілсе керек. Грек әйел Исаның айтпақ ойын түсініп: “Рас айтасыз, Ием. Алайда күшіктер де қожайындарының дастарқанынан түскен қоқымды жейді ғой”,— деген. Иса бұл әйелді зор сенімі үшін мақтады, сосын оның қызын кеселінен айықтырды (Матай 15:27, 28).

Елші Пауылдың теңізге шықпай, кідіре тұруды ұсынғаны жөн болды ма?

Үлкен жүк кемесінің ойып салынған суреті

Үлкен жүк кемесінің бедерлі суреті (б. з. І ғасыр)

Елші Пауылды Италияға апара жатқан кеме желге қарсы әрең жүзіп келе жатты. Жолда кеме қысқа уақытқа аялдағанда, Пауыл саяхатты әрі қарай жалғастырмай, біраз кідіре тұруды ұсынды (Елшілердің істері 27:9—12). Оның бұл кеңесі орынды болды ма?

Ежелде теңізшілер қысқы айларда Жерорта теңізіне кемемен шығудың қауіпті екенін жақсы білетін. Қараша айының ортасынан наурыз айының ортасына дейін кемелер теңізге мүлдем шықпайтын. Ал Пауыл айтқан саяхат қыркүйек не қазан айына түсіп тұрған еді. Б. з. IV ғасырында өмір сүрген римдік жазушы Вегеций өзінің “Әскери өнердің қысқаша сипаттамасы” атты еңбегінде былай деп жазды: “Кей айлар сапарға шығуға өте ыңғайлы болса, кей айлар туралы болжап ештеңе айта алмайсың. Ал қалғандарында саяхаттау тіптен мүмкін емес”. Вегецийдің айтуынша, 27 мамырдан 14 қыркүйек аралығында ауа райы қолайлы, ал 15 қыркүйек пен 11 қараша арасында және 11 наурыз бен 26 мамыр арасында құбылмалы, тіпті қауіпті болған. Теңізде талай сапар шеккен Пауыл бұл жайттарды жақсы білсе керек. Кеменің иесі мен капитан да мұны білетін. Бірақ олар Пауылдың кеңесіне құлақ қоймады. Өкінішке қарай, кеме ақыры апатқа ұшырады (Елшілердің істері 27:13—44).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу