Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 2 3—4 бет.
  • Теңдесі жоқ сый

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Теңдесі жоқ сый
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдай берген сый несімен айрықша?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Әлемдегі ең керемет сый қандай?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Оның баршаға айтқан хабары
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Төлем — Құдайдың ең керемет сыйы
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 2 3—4 бет.
Балаға қарындаш ұштағышты сыйлап тұрған қария

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙДЫҢ ЕҢ ҰЛЫ СЫЙЫН ҚАБЫЛ АЛАСЫЗ БА?

Теңдесі жоқ сый

ДЖОРДАННЫҢ қолындағы кеме тектес ұштағыш аса көзге ілінбейді. Алайда бұл — оның талай жылдан бері көзінің қарашығындай сақтап келген заты. “Мұны маған бала кезімде отбасымызбен дос болған Расселл деген қария сыйлаған”,— дейді ол. Бұл қария Джорданның атасы мен әке-шешесі қиналған шақтарда оларды демеп, көмегін аямаған екен. Джордан бұл жайлы Расселл қайтыс болғаннан кейін ғана білді. “Ол кісі берген кішкентай сыйлық мен үшін ең қымбат дүниеге айналды”,— дейді Джордан.

Осы оқиғадан мынадай ой түюге болады: біреулер үшін сый көзге көрінбестей маңызсыз, ал ризашыл жандар үшін баға жетпестей қымбат болуы мүмкін. Дүниедегі теңдессіз бір сый жайлы Киелі жазбаларда былай айтылған: “Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, өзінің жалғыз Ұлын құрбан етті. Енді оған сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие бола алады” (Жохан 3:16).

Ойлап көріңізші, бұл сыйды алған адам мәңгі өмір сүре алады! Бұдан асқан қандай сый бар дейсіз? Баз біреулер оның құнына жетпей жатса, Құдайдың қызметшілері бұл сыйды аса бағалы көреді (Зәбүр 49:8; Петірдің 1-хаты 1:18, 19). Құдайға өз Ұлының өмірін адамзат үшін сыйға беру неліктен қажет болды?

Жауабын елші Пауылдың мына сөздерінен білуге болады: “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды” (Римдіктерге 5:12). Адам ата біле тұра Құдайға мойынсұнбай күнә жасады. Соның кесірінен қартайып өлді. Түп атамыз арқылы өлім оның барлық ұрпақтарына, яғни бүкіл дүниеге берілді.

“Күнәнің беретіні — өлім, ал Құдайдың сыйы — Иеміз Мәсіх Иса арқылы берілетін мәңгілік өмір” (Римдіктерге 6:23). Адамзатты өлімнің құрсауынан босатуды ниет еткен Құдай өз Ұлы — Иса Мәсіхті жер бетіне мінсіз өмірін құрбан ету үшін жіберді. Төлем деген атаумен белгілі осы құрбандықтың арқасында Исаға сенген әркім мәңгілік өмірді иемденеді (Римдіктерге 3:24).

Құдайдың Иса Мәсіх арқылы беріп отырған баталарына қатысты ризашыл Пауыл: “Теңдесі жоқ сыйы үшін Құдайға мың да бір рақмет!”— деген болатын (Қорынттықтарға 2-хат 9:15). Расында да, біз үшін берілген төлемнің кереметтігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Бірақ неліктен төлем — Жаратушының адамзат үшін жасаған сыйларының ішіндегі ең ерекшесі? Оны айрықша ететін не?a Бұл сый бізді қандай әрекетке талпындыру керек? Киелі жазбаларға сүйеніп берілген жауаптарды келесі екі мақаладан оқуға шақырамыз.

a Иса біз үшін өмірін даярлықпен қиған (Жоханның 1-хаты 3:16). Бірақ мұндай құрбандықты ұсыну Құдайдың мақсаты болғандықтан, осы журналда құрбан болған Исаға емес, оны берген Құдайға баса назар аударылады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу