Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp16 № 6 4—7 бет.
  • Көзге көрінбейтін әлемге көз тастайық

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көзге көрінбейтін әлемге көз тастайық
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЕХОБА ҚҰДАЙ — ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ
  • ИСА ҚҰДАЙДЫҢ ОҢ ЖАҒЫНДА
  • ПЕРІШТЕЛЕР ҚҰДАЙҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
  • ШАЙТАН ТАЛАЙ АДАМДЫ АДАСТЫРУДА
  • ЖЕРДЕН КӨККЕ БАРАТЫНДАР
  • КӨКТЕГІЛЕР ОНДА НЕ ІСТЕЙДІ?
  • Періштелер — адамдарға қызмет көрсететін рухтар
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Періштелер туралы шындық
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Періштелер бізге қалай көмектеседі?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
wp16 № 6 4—7 бет.
Иса Ехобаның періштелер қоршаған салтанатты тағының оң жағында тұр

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КӨКТЕ КІМДЕР МЕКЕНДЕЙДІ?

Көзге көрінбейтін әлемге көз тастайық

Киелі кітапта суреттелген бірқатар жантебірентерлік көріністер мен аяндар көзге көрінбейтін аспан әлемінің шымылдығын ашады. Біз сізді осы әлемге мұқият көз тастауға шақырамыз. Осы аяндарда сипатталған әрбір нәрсені тура мағынада түсінбегеніміз жөн. Сөйтсе де көріністер бізге көкте мекендейтіндерді көз алдымызға елестетуге және олардың бізге қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.

ЕХОБА ҚҰДАЙ — ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ

“Көкте тұрған тақты және оның үстінде отырған біреуді көрдім. Тақта отырғанның сырт көрінісі яшмаға және қызыл түсті асыл тасқа ұқсайды екен. Ал тақты зүбәржат іспетті кемпірқосақ қоршап тұрды” (Аян 4:2, 3).

“Оның айналасындағы сәуле жаңбырлы күні бұлт арасынан шығатын кемпірқосаққа ұқсайтын. Бұл Ехобаның бейне бір салтанаты іспетті еді” (Езекиел 1:27, 28).

Елші Жохан мен Езекиел пайғамбарға берілген аянда Жаратқан Ие Ехобаның ұлылығы жарқыраған асыл тастар, кемпірқосақ және салтанатты тақ сияқты көзбен көруге болатын нәрселермен суреттеледі. Бұл көріністерден Ехобаның отырған жері таңдай қақтыратын сұлулық, әсемдік пен тыныштыққа толы екені көрінеді.

Құдайдың осындай ғажап көрінісі бір Зәбүр жыршысының келесідей сөздерімен үндеседі: “Ехоба ұлы, әрі мадаққа әбден лайық, күллі құдай атаулыдан әлдеқайда айбынды. Өзге халықтар табынатын құдайлардың бәрі де түкке тұрғысыз, ал Ехоба — көкті жаратқан Құдай. Ұлылық пен салтанат оның алдында, күш пен әсемдік киелі тұрағында” (Зәбүр 96:4—6).

Ехоба Әлемнің Әміршісі болса да, бізді өзіне дұға арқылы жақындауға шақырады. Ол дұғамызға құлақ асуды уәде етеді (Зәбүр 65:2). Құдай бізді сөзсіз жақсы көреді әрі қамымызды ойлайды, сондықтан да елші Жохан: “Құдай — сүйіспеншілік”,— деп сенімділікпен айта алған (Жоханның 1-хаты 4:8).

ИСА ҚҰДАЙДЫҢ ОҢ ЖАҒЫНДА

“Киелі рухқа кенелген (Исаның шәкірті) Степан көкке көз тігіп, Құдайдың салтанаты мен оның оң жағында тұрған Исаны көрді де: — Міне, мен көктің ашылғанын және Құдайдың оң жағында тұрған Адам Ұлын көріп тұрмын!— деді” (Елшілердің істері 7:55, 56).

Степан осы аянды көргенінен аз уақыт бұрын Иса өлім жазасына кесілген болатын. Бұл өлімге Степанды тыңдап тұрған діни жетекшілер түрткі болған еді. Аяннан Исаның қайта тірілгені және даңққа бөленгені айқын болды. Елші Пауыл да мұны растап былай деген: “(Ехоба) осы күшімен Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкте өзінің оң жағына отырғызды. Сондықтан ол қазіргі ғана емес, сондай-ақ келешек замандағы күллі үкімет пен биліктен, күштен, билеушілерден және күллі есім атаулыдан әлдеқайда жоғары” (Ефестіктерге 1:20, 21).

Жазбалардан Исаның жоғары дәрежесі жайлы ғана емес, Ехоба Құдай сияқты, адамдардың қамын ойлайтынын да білеміз. Жерде болған кезінде ол ауру, кемтар адамдарды сауықтырған және өлгендерді қайта тірілткен. Иса өз өмірін адамзат үшін құрбан ету арқылы Құдай мен адамдарды қатты жақсы көретінін көрсетті (Ефестіктерге 2:4, 5). Құдайдың оң жағында тұрған ол жақында өзіне берілген билікті қолданып, бүкіл дүниежүзіндегі тілалғыш адамзатты молынан жарылқайды.

ПЕРІШТЕЛЕР ҚҰДАЙҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

“(Мен, Даниял пайғамбар) әлі де қарап тұрдым, сонда тақтар қойылып, Ежелден бар Тәңір Ие өз тағына отырды... Оған миллиондаған періште қызмет етіп, жүз миллиондағаны алдында тұрды” (Даниял 7:9, 10).

Көктегі өмір жайлы бұл аянда Даниял пайғамбар бір емес, мың сан періштені көрген. Бұл бір көңіл толқытарлық аян болған көрінеді. Періштелер — ақыл-санасы мен күші көп ғажайып рухтар. Олардың санатына серафтар мен керубтер кіреді. Киелі кітапта періштелер жайлы 250-ден аса жерде сөз етіледі.

Періштелер — бұрын жерде өмір сүрген адамдар емес. Құдай оларды адам баласы пайда болғаннан ұзақ уақыт бұрын жаратқан. Кейіннен олар жердің қалай жаратылғанына куә болып, Құдайға шаттана мадақ айтқан (Әйүп 38:4—7).

Бұл адал періштелер Құдайға қызмет етеді. Олардың қызметіне Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды уағыздау ісіне қолдау көрсету кіреді (Матай 24:14). Бұл бүгінде атқарылып жатқан ең маңызды іс болып табылады. Періштелердің осы ісі жайында елші Жохан мынадай аян алған: “Содан кейін әуеде ұшып бара жатқан басқа бір періштені көрдім. Оның жер бетінде тұратындарға — әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа жариялайтын мәңгілік ізгі хабары бар екен” (Аян 14:6). Бүгінде періштелер ежелдегідей адамдарға тіл қатпағанмен, ізгі хабар айтып жүргендерді ақжүрек адамдарға бағыттай алады.

ШАЙТАН ТАЛАЙ АДАМДЫ АДАСТЫРУДА

“Көкте соғыс бұрқ ете түсті: Микайл (Иса Мәсіх) мен періштелері айдаһармен соғысты. Айдаһар да өз періштелерімен бірге олармен соғысты, бірақ ол төтеп бере алмады. Бұдан былай оларға көктен орын табылмады. Осылайша алып айдаһар — бүкіл жержүзін адастырып жүрген Ібіліс әрі Шайтан деп аталған ежелгі жылан — жерге лақтырылды, онымен бірге періштелері де лақтырылды” (Аян 12:7—9).

Көкте әрдайым тыныштық болған деп айта алмаймыз. Адамзат тарихы бастау алғанда періштелердің бірі басқалардың өзіне табынғанын көксеп, Ехоба Құдайға қарсы шықты. Осылай ол Шайтанға (мағынасы “қарсылас”) айналды. Кейіннен өзге періштелер Шайтанның жағына шығып, жындар деп аталатын болды. Зұлымдыққа белшесінен батқан бұл жын-перілер Ехобаға жанталаса қарсы шығып, адамдардың басым бөлігін оның сүйіспеншілікпен көрсетіп отырған тура жолынан алшақтатып келеді.

Шайтан мен оның жын-перілері тура жолдан тайған әрі қатыгез. Адамзаттың қас жауына айналған олар жерге көп қасірет әкелуде. Мысалы, ежелде Шайтан Құдайдан қорқатын Әйүп деген кісінің малы мен қызметшілерін қырып тастаған. Сосын қатты жел тұрғызып, оның он баласы отырған үйді құлатты да, барлығын мерт қылды. Соңында Шайтан “Әйүптің табанынан қақ төбесіне дейін жанға бататын шиқан қаптатты” (Әйүп 1:7—19; 2:7).

Алайда көп ұзамай Шайтанның дәурені бітеді. Көктен жер бетіне тасталғаннан бері ол “өз уақытының аз қалғанын біледі” (Аян 12:12). Шайтанның болашағы қараңғы. Бұл біз үшін жақсы хабар емес пе?!

ЖЕРДЕН КӨККЕ БАРАТЫНДАР

“Сен (Иса) әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдарды өз қаныңмен сатып алып, Құдайдың меншігі және Құдайымызға қызмет ету үшін патша әрі діни қызметкерлер еттің. Олар жер бетіне билік жүргізеді” (Аян 5:9, 10).

Адамдардың арасында Иса сияқты қайта тіріліп, көкке баратындар бар. Иса өзінің адал елшілеріне былай деген: “Мен сендерге орын дайындауға бара жатырмын... қайтып келіп, өзім болатын жерде болуларың үшін, сендерді үйге алып кетемін” (Жохан 14:2, 3).

Аспанға баратындар онда белгілі бір мақсатпен барады. Олар Исамен бірге көкте үкімет құрады. Бұл Патшалық жер бетіне билік жүргізіп, адамдарға шапағатын төгеді. Иса ізбасарларына үлгі ретінде айтқан дұғасында осы Патшалық жайлы былай деген: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі тұтылсын! Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10).

Көкте өмір сүру үшін қайта тірілген кейбір тұлғалармен бірге тұрған Иса

КӨКТЕГІЛЕР ОНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

“Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: — Міне, Құдайдың тұрағы адамдар арасында!.. Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды” (Аян 21:3, 4).

Бұл аяннан көрінетіндей, Иса мен көктегі өмірге қайта тірілгендердің билігіндегі Құдай Патшалығы Шайтанға тоқтау қойып, жерді жұмаққа айналдырады. Сол кезде адамзатқа орасан зор қайғы әкелген нәрселер ғайып болып, тіпті өлім де болмайды.

Ал көктегі өмірге бармайтын дүниеден өткен басқа миллиардтаған адаммен не болмақ? Олар болашақта жұмақ орнаған жер бетінде қайта тіріліп, мәңгі өмір сүру үмітіне ие болады (Лұқа 23:43).

ЖЫН-ПЕРІЛЕРДЕН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Бүгінде жын-перілерден қорқып, ырым-жырымға көп сенетін миллиондаған адам аяқ-қолы бұғауланған тұтқынға ұқсайды. Мұндай адамдар бойтұмар, тіл-көзден сақтайтын моншақтар мен оқытылған сусындарға жиі жүгінеді. Бірақ бұлай етудің тіпті де қажеті жоқ. Өйткені Киелі кітапта былай делінген: “Ехоба өзіне бар жүрегімен берілгендерді қолдау үшін, бүкіл жер бетін мұқият бақылап отыр” (Шежірелер 2-жазба 16:9). Шайтаннан әлдеқайда күшті шынайы Құдай Ехобаға сенім артсаңыз, ол сізді сөзсіз қорғайды.

Ехоба Құдай сізді қорғау үшін, оның көңіліне не нәрсе жағатынын біліп, солай істеуге тырысуыңыз қажет. Мысалы, І ғасырда Ефес қаласында тұрған мәсіхшілер сиқырлық жайлы барлық кітаптарын бір жерге үйіп, отқа жаққан (Елшілердің істері 19:19, 20). Құдайдың өзіңізді қорғағанын қаласаңыз, сіз де бойтұмар, көзмоншақ, сиқырлық кітаптар, жамандықтан қорғайтын жіптер, ырымшылдықпен байланысты заттар не басқа да жын-перілерге қатысы бар нәрселерден арылуыңыз керек болады.

Киелі кітапта: “Құдайға бағыныңдар, ал Ібіліске қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді”,— делінген (Жақып 4:7). Ехоба Құдайға бағынсаңыз, яғни оның айтқанына құлақ асып, оған қызмет етсеңіз, Шайтан мен оның жын-перілері сізден аулақ жүреді.

Осы қарастырылған бірнеше аяннан бір нәрсе анық көрінеді: Ехоба Құдай мен оның Ұлы Иса Мәсіх және адал періштелер мен көкке бару үшін құны өтелгендердің бәрі де біздің қамымызды шын жүректен ойлайды. Олардың көкте қандай іспен айналысатыны жайлы көбірек білгіңіз келсе, Ехоба куәгерлеріне хабарласыңыз я www.jw.org/kk сайтына кіріп, “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымын жүктеп алыңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу