Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.4. 3—4 бет.
  • Киелі кітаптан білім алудың маңызы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітаптан білім алудың маңызы
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Неліктен Киелі кітап бізді қызықтыру керек?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Баршаға арналған Киелі кітап курсы
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бұл кітаптың мазмұны
    Баршаға арналған кітап
  • Құдай туралы білім беретін кітап
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.4. 3—4 бет.
Ер адам кітапханада Киелі кітапты оқып тұр

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАП ЖАЙЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Киелі кітаптан білім алудың маңызы

  • Өмірдің мәні неде?

  • Неге адамдар қайғырады және өледі?

  • Бізді қандай болашақ күтіп тұр?

  • Құдай менің жағдайымды ойлай ма?

Осы іспетті көкейкесті сұрақтар бүгінде көп адамды мазалайды. Сіз де бұл жайлы ойланған шығарсыз. Ал жауабын таба алдыңыз ба?

Қуанышқа орай, миллиондаған адам аталмыш сұрақтарға көңіл толтырарлық жауап тапты. Қайдан дейсіз ғой? Киелі кітаптан. Ол жерде не делінгенін сіздің де білгіңіз келсе, Ехоба куәгерлері сізге тегін Киелі кітап сабақтарын ұсынуға қуанышты боладыa.

Кейбіреулер мұндай ұсынысқа “Уақытым жоқ”, “Маған түсіну қиын”, “Қосымша міндет алғым келмейді” деп жауап береді. Ал басқалары, керісінше, Киелі кітаптан білім алуға қуана келіседі. Оларға не нәрсе қозғау салғанын көрейік.

  • “Мен католик, протестант, сикх шіркеуіне және буддистердің монастырына барғанмын. Сондай-ақ университетте теологияны оқыдым. Алайда Құдай жайлы сұрақтарым сол күйі жауапсыз қала берді. Бірде үйге бір Ехоба куәгері келді. Оның барлық сұрақтарымның жауабын Киелі кітаптан көрсетіп бергені маған қатты әсер етті. Сондықтан онымен бірге Киелі кітаптан білім алуға келістім” (Гил, Англия).

  • “Менің өмірлік сұрақтарым көп еді. Бірақ шіркеудегі пастордың берген жауаптары көңіліме аса қонбады. Ал мен кезіктірген Ехоба куәгері болса, сұрақтарыма тек Киелі кітап тармақтарымен жауап берді. Ол маған көбірек білім алуды ұсынғанда, қуана келістім” (Коффи, Бенин).

  • “Мен: “Өлген адаммен не болады?”— деп ойланатынмын. Жалпы өзім өлгендер тірілерге кесірін тигізе алады дегенге сенетінмін. Бұл жайлы Киелі кітапта не делінгенін білгім келгендіктен, бір Куәгер досыммен Киелі кітап сабақтарын өте бастадым” (Жозэ, Бразилия).

  • “Мен Киелі кітапты өз бетімше оқып көргенмін, бірақ оқығандарымды онша түсіне алмадым. Бірде Ехоба куәгерлері келіп, Киелі кітаптағы кейбір пайғамбарлық сөздерді егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Содан тағы не нәрсе үйрене алатынымды көрейін дедім” (Дэниз, Мексика).

  • “Мен: “Құдай қамымды шынымен ойлай ма?”— деп ойланатынмын. Сөйтіп, Киелі кітапты жаздырған Жаратушы Құдайға дұға айтуды шештім. Ал ертесіне үйіме Куәгерлер келіп, Киелі кітап сабақтарын өтуді ұсынды. Мен келісе кеттім” (Энджу, Непал).

Осы мысалдар Иса пайғамбардың “Құдайды танып-білгісі келетіндер бақытты” деген сөздерін растайды (Матай 5:3). Иә, адам баласының Құдай жайлы білімге деген туа біткен қажеттілігі бар. Бұл қажеттілікті тек Құдай ғана қанағаттандыра алады әрі ол мұны өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы істейді.

Олай болса, Киелі кітап сабақтары қалай өтеді? Сізге оның қандай пайдасы бар? Бұл сұрақтар келесі мақалада қарастырылады.

a Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.

КИЕЛІ КІТАПҚА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР

An open Bible
  • АТАУЫ: “Тәурат, Зәбүр және Інжіл” деген атаумен де белгілі.

  • МАЗМҰНЫ: 66 кішігірім кітаптан тұрады. 39 кітабы еврей тілінде (кейбір үзінділері арамей тілінде), 27 кітабы грек тілінде жазылған.

  • ЖАЗЫЛУЫ: Б. з. б. 1513 жылдан бастап шамамен б. з. 98 жылына дейін бас-аяғы 1600-ден аса жыл бойы 40-қа жуық адам жазғанb.

  • ТІЛДЕР: Толығымен не жартылай 2500-ден аса тілге аударылды.

  • ТАРАЛЫМЫ: 5 миллиард дана, дүниедегі ең кең тараған кітап болып табылады.

b Б. з. б. деген қысқарту “біздің заманымыздан бұрын” дегенді, ал б. з. деген “біздің заманымыз” дегенді білдіреді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу