Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 1.4. 4—7 бет.
  • Баршаға арналған Киелі кітап курсы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Баршаға арналған Киелі кітап курсы
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КИЕЛІ КІТАП САБАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
  • Ехоба куәгерлері ұсынатын Киелі кітап курсы деген не?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?
    Маңызды сұрақтардың жауабын қайдан табуға болады?
  • Оқып-білгеніңіз ұнады ма?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (Киелі кітап сабақтарына кіріспе)
  • Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?
    Киелі кітап туралы көбірек білгіңіз келе ме?
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 1.4. 4—7 бет.
Киелі кітап сабағы

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАП ЖАЙЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Баршаға арналған Киелі кітап курсы

Бүгінде Ехоба куәгерлері уағыз айтуларымен танымал. Сіз олардың әртүрлі елде Киелі кітап сабақтарын өткізетінін білгенсіз бе?

Жұмыс орнында Киелі кітап сабағын өтіп жатқан ер кісі

2014 жылы 240 елде тұратын 8 000 000-нан астам Ехоба куәгері әр айда орта есеппен 9 500 000 Киелі кітап сабағын жүргізгенa. Киелі кітаптан білім алып жатқан адамдардың саны тіпті кейбір елдердің халық санынан да асып кетеді! Мұндай елдердің саны — 140-қа жуық.

Осы діни ағарту ісін жүргізу үшін Ехоба куәгерлері 700-дей тілде Киелі кітап, журнал, кітап және зерттеуге арналған басқа да құралдардың шамамен 1,5 миллиард данасын жыл сайын басып шығарады! Осыншама көп күш салғанның арқасында адамдар Киелі кітапты өздері қалаған тілде оқып зерттей алады.

“Мектепте оқуды онша ұнатпайтынмын, бірақ Киелі кітапты зерттеу маған қызық болды. Үйренген нәрселерім көңілімді орнықтырды” (Катлего, Оңтүстік Африка).

“Осы курс барысында барлық сұрақтарыма жауап алдым, тіпті өзім күткеннен де көп нәрсе білдім” (Берта, Мексика).

“Маған қатты ұнағаны — Киелі кітап сабақтары менің үйімде, маған ыңғайлы уақытта өтетін” (Езекиел, Бразилия).

“Сабақтар жағдайыма қарай 15—30 минут, ал кейде бұдан ұзағырақ уақыт өтетін” (Виниана, Австралия).

“Сабақ үшін еш ақы алынбады. Күшті емес пе?!” (Эйми, Бенин).

“Менімен сабақ өткізген кісінің мейірімділігі мен шыдамдылығы зор еді. Біз бір-бірімізге қатты бауыр басып кеттік” (Карэн, Солтүстік Ирландия).

“Көп адам Ехоба куәгері болмай-ақ зерттей береді” (Дэнтон, Англия).

КИЕЛІ КІТАП САБАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Сабақ қалай өтеді?

Сабақ кезінде Киелі кітаппен байланысы бар түрлі тақырыптар қозғалып, сол тақырыпқа қатысы бар Киелі кітап тармақтары қарастырылады. Мысалы, сабақ барысында келесідей сұрақтардың жауабын біле аласыз: Құдай деген кім? Ол қандай? Оның есімі бар ма? Ол қайда? Біз оған жақын бола аламыз ба? Бәлкім, сізге осы сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан өз бетіңізше табу қиын шығар.

Адамдарға сұрақтарының жауабын табуға көмектесу үшін біз әдетте 224-беттік “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымын қолданамызb. Бұл кітап адамдарға Киелі кітаптың негізгі ілімдері мен тәлімдерін оңай түсіне алатындай етіп жазылған. Онда Құдай Тағала, Иса пайғамбар, адамдардың қайғы-қасірет шегуі, өлгендердің қайта тірілуі, дұға жайлы және басқа да тақырыптар қамтылған.

Қашан және қайда өтеді?

Сабақ сізге ыңғайлы жерде және ыңғайлы уақытта өтеді.

Әр сабақ қанша уақытқа созылады?

Көп адам аптасына бір сағат не одан көп уақыт бөледі. Бірақ сабақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін. Біз сіздің жағдайыңызға қарай бейімделе аламыз. Мысалы, кейбіреулер тек 10—15 минут қана бөледі.

Сабақтар ақылы ма?

Сабақтар да, зерттеуге арналған құралдар да тегін. Өйткені Иса пайғамбар: “Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер”,— деп өсиет еткен (Матай 10:8).

Толық курс қанша уақыт өтеді?

Ол өзіңізге байланысты. “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” деген зерттеу құралы жалпы 19 сабақтан тұрады. Сабақтардың кейбірін не барлығын өзіңізге ыңғайлы қарқынмен өте аласыз.

Ехоба куәгерлерінің қатарына қосылу шарт па?

Жоқ. Әр адам не нәрсеге сенетінін өзі шешеді. Ал біз оның осы шешімін құрметтейміз. Киелі кітапты зерттеген адам біліміне сүйеніп таңдау жасай алады.

Көбірек ақпаратты қайдан алуға болады?

Біздің ұйымның jw.org сайтында Ехоба куәгерлерінің нанымдары мен іс-шаралары жайлы сенімді мәлімет табуға болады.

Киелі кітап сабағын өтуге қалай өтініш білдіруге болады?

Адамдар әртүрлі жолмен Киелі кітап сабағын бастауға өтініш білдіріп жатыр: онлайн, хат жазу және жергілікті телефон анықтамалығын қолдану арқылы
  • www.jw.org сайтындағы өтініш купонын онлайн толтырыңыз;

  • Осы журналдың 2-бетіндегі мекенжайлардың бірі бойынша хат жазыңыз;

  • Сіз тұратын аймақтағы Ехоба куәгерінің біріне жолығыңыз.

a Киелі кітап сабақтары әр адаммен жеке не кішігірім топпен өткізіледі.

b Ехоба куәгерлері басып шығарған. Бұл кітап 230 миллионнан астам данамен 260-тан аса тілде жарық көрді.

ОТБАСЫНА ТИГІЗЕТІН ПАЙДАСЫ

Езекиел

“Әйелім Киелі кітапты зерттегелі бері, жақсы жаққа қарай айтарлықтай өзгерді. Отбасымыз берекелі бола түсті. Әйелімнің нендей нәрселерді үйреніп жатқанын білгім келгендіктен, мен де зерттей бастадым. Білгендерім маған жақсаруға көмектесті және отбасымызды біріктірді” (Езекиел).

Карэн

“Киелі кітапты зерттегеннің арқасында мен есірткі мен ішімдікке әуес болу сияқты жаман әдеттерімнен арылдым және ашуды тізгіндеуді үйрендім. Үйімді таза ұстай бастадым. Отбасымды көбірек бағалап, оларды бақытты ететін нәрселерді қуана істейтін болдым. Қазір мен әлдеқайда бақыттымын” (Карэн).

Виниана

“Кей адамдар мені Киелі кітапты зерттегенім үшін сөгетін. Бірақ күйеуім: — Адамдар айтса, айта берсін. Сенің жақсы жаққа қарай өзгеріп жатқаныңа мен қуанамын. Әрі қарай Киелі кітабыңды оқи бер,— деп мені қолдайтын. Біздің отбасылық өміріміз осыншалықты жақсы болған емес” (Виниана).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу