Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.1. 4—5 бет.
  • Адамзаттың өліммен күресуі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамзаттың өліммен күресуі
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨЛІМДІ ЖЕҢУ МҮМКІН БЕ?
  • Өлім қалай жойылады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Сіз мәңгі өмір сүре аласыз
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Кіріспе
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.1. 4—5 бет.
An Egyptian Pharaoh

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ӨЛІММЕН БӘРІ БІТЕ МЕ?

Адамзаттың өліммен күресуі

Chinese Emperor Qin Shi Huang and Spanish explorer Juan Ponce de León

ИМПЕРАТОР ЦИНЬ ШИХУАНДИ

ЗЕРТТЕУШІ ХУАН ПОНСЕ ДЕ ЛЕОН

Өлім — адам баласының ең қорқынышты жауы. Біз онымен бар күшімізді салып күресеміз. Жақын адамымыз өмірден өткенде, бұл ащы шындықты қабылдағымыз келмеуі мүмкін. Я болмаса күш-қуатымыз тасыған жастық шағымызда бұл жаумен ешқашан беттеспейміз деп ойлап, өз-өзімізді алдауымыз мүмкін.

Ежелде перғауындар өлместікке қол жеткізу үшін барын салған. Олар өздерінің де, мыңдаған қызметшілерінің де өмірлерінің көп бөлігін өліммен күресуге арнаған. Олардың соққан пирамидалары мәңгі өмірді іздегендерінің әрі мұның ешқандай нәтиже әкелмегенінің дәлелі болып табылады.

Қытайдың императорлары да өлместікке ие болуды армандаған. Бұған қол жеткізу үшін олар мәңгі өмір сыйлайтын сиқырлы сусынды іздеген. Император Цинь Шихуанди алхимиктерінен өлімнен сақтайтын сиқырлы тұнбаны жасап шығаруды талап еткен. Бірақ олардың ойлап тапқан тұнбаларының көбісінің құрамында улы сынап болғандықтан, император солардың бірін ішіп, мерт болғанға ұқсайды.

XVI ғасырда испан зерттеушісі Хуан Понсе де Леон жастықтың қайнар бұлағын іздеп, Кариб теңізін жүзіп өткен деседі. Сол жерде ол АҚШ-тың Флорида штатын ашады. Алайда бірнеше жылдан кейін ол байырғы американдықтармен шайқаста қаза болады. Сөйтіп, ешқандай да жастықтың қайнар бұлағын таба алмайды.

Көріп отырғанымыздай, ежелде перғауындар, императорлар мен зерттеушілер өлімді жеңгісі келген. Бұл адамдардың амал-тәсілдері тиімсіз болғанын білсек те, олардың ұмтылған мақсатына қай-қайсысымыз да қол жеткізгіміз келеді емес пе?! Иә, жүрегіміздің түбінде бәріміз де өлмес өмірге ие болғымыз келеді.

ӨЛІМДІ ЖЕҢУ МҮМКІН БЕ?

Неліктен біздің өлгіміз келмейді? Киелі кітапта мұның себебі жазылған. Онда Жаратушымыз Ехобаa Құдай жайлы былай делінген: “Ол бәрін өз уақытында тамаша етіп жаратты. Ол тіпті адамның жүрегіне мәңгілікті салды” (Уағыздаушы 3:11 ЖД). Шынында да, біз өмірдің рақатын тек 80—90 жасқа дейін ғана емес, мәңгілік бойы көргіміз келеді (Забур 89:10). Бұл — біздің жүрегіміздің қалауы.

Неге Құдай жүрегімізге “мәңгілікті” салған? Өмірден көңілімізді қалдыру үшін бе? Бұл ақылға сыймайды. Құдай бізге өлімнің жеңілетінін уәде етеді. Киелі кітапта өлімнің біржолата жойылатыны және Құдайдың бізге мәңгілік өмір сыйлайтыны жайлы жиі айтылады (“Өлім жойылады” деген қоршауды қараңыз.).

Иса пайғамбар: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін өзің, яғни жалғыз шынайы Құдай және өзің жіберген Иса Мәсіх туралы білім ала беру керек”,— деп анық айтқан (Жохан 17:3). Иә, өлімді жеңіп шығу мүмкін. Алайда Иса пайғамбар айтып кеткендей, бұл тек Құдайдың көмегімен ғана мүмкін болмақ.

a Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.

Өлім жойылады

  • “Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатады” (Ишая 25:8).

  • “Әкемнің еркі бойынша, Ұлын көріп, оған сенген әркім мәңгілік өмірге ие болу керек” (Жохан 6:40).

  • “Жойылатын соңғы жау — өлім” (Қорынттықтарға 1-хат 15:26).

  • “Мәңгілік... өмірді өтірік айта алмайтын Құдай ұзақ уақыт бұрын уәде еткен” (Титке 1:2).

  • “Құдай олардың көздеріндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім... болмайды” (Аян 21:4).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу